- 1. Нүкте хабарлы сөйлемнен кейін қойылады. Хабарлы сөйлемдер толымды, толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді.
- 2. Құрмалас сөйлемнің сыңарлары екіге бөлініп, кейінгі сөйлем бірақ, алайда, дегенмен, сондықтан, сол себепті т.с.с. жалғаулық шылаулардан басталса, олардың алдынан нүкте қойылады: 1) Жүгіріп басып Күләнда келеді. Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады (С. Ерубаев). 2) Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қазір тал түс. Жер беті аппақ (Ғ.Мұстафин). 3) Жалма-жан тура сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен (Б.Майлин).
- 3. Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдер жайылма түрінде келсе, әр сөйлемнен кейін нүкте қойылады:
Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ. химиялық қасиеттері болады:
- Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады.
- Сілтілер майларды сабынға айналдырады.
- Сілтілер ертінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі өзгереді
(«Химия» оқулығынан).