Леп белгісі

 

 

  • 9. Леп белгісі лепті сөйлемдерден кейін қойылады.

А) Лепті сөйлемдер бұйрық мәнді болуы мүмкін: Малтықпай тез көшсін! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт жөнелсін! деп, қысқа-қысқа әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан (М.Әуезов).

Ә) Өтіну, жалыну түрінде болуы мүмкін.  Ә) Қолпаштау, қайрау мәнді болуы мүмкін. Б) Жекіру мәнді болуы мүмкін: Тәйт! Жә! В) Ұран, үндеу түрінде болуы мүмкін.

Г) Бір ғана етістіктен құралған, ерекше интонациямен айтылған сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады: Барсын! Кетсін!

Ғ) Көңіл күй одағайы боп келетін бір ғана сөзден сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады: Ойбай! Апырмау! Япырай! Пәләй! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов).

Д) Кұрамында көңіл күй одағайы бар сөйлем ерекше интонациямен айтылса, сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады:

 

Е) Шақыру одағайынан ғана тұратын сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады: Шөре-шөре! Құрау-құрау!

Ж) Шақыру одағайлары ерекше интонациямен айтылса, сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады:

З) Иә, жоқ деген сөздер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен айтылса, олардан кейін леп белгісі қойылады: Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында (Ғ.Мүсірепов).

  • 10. Сүйсіну, таңырқау мәнінде келген қандай, неткен, не деген т.с.с. сұрау есімдіктерінен кейін леп белгісі қойылады:
  • 11. Ғажап! Керемет! Тамаша! т.с.с. сүйсіну мәнді білдіретін бір ғана сөзден тұратын сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады.
  • 12. Сәлемдесу барысында сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларымен келсе, одан кейін леп белгісі қойылады: Амансың ба! Сәламатсыз ба!
  • 13. Ұрсу, жекіру мәнді сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауларымен келсе, олардан кейін леп белгісі қойылады: Көзіңді ойып алайын ба! Басыңды жарып қояйын ба!
  • 14. Сүйсіну, таңдану, мақтан ету, тіксіну т.б. мәнді сөйлемдер сұрау есімдіктерімен немесе ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларымен келсе (жауапты қажет етпейтін болса), одан кейін леп белгісі қойылады: Бұған қайтіп шыдайын! Тәттілігі қандай сол судың! Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай! (С.Мұқанов).
  • 15. Ерекше интонациямен айтылған лепті сөйлемдер бірыңғай мүше түрінде келсе, әр бірыңғай мүшеден кейін леп белгісі қойылады.
  • 16. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келіп, ерекше интонациямен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.
  • 17. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келіп, сөйлем ерекше интонацияға бітсе де, сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады.
  • 18. Дәйексөз (цитата) ретінде алынған мәтіннің ішіндегі тұжырымға автордың келіспейтінін, кекесінін білдіру үшін жақшаға алынған леп белгісі қойылады:
  • 19. Кекесін, ирония түрінде жақшаның ішінде берілген қыстырма сөздің соңынан леп белгісі қойылады: Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін түсіріп алады (С.Мұқанов).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *