Дефистің қойылатын жерлері:

 

 

  • 122. Қайталама қос сөз бен қосарлама қос сөздерде сөз аралығына қойылады: ауыл-аймақ, туған-туыс, қайта-қайта, шоқ-шоқ т.с.с.

 

  • 123. Күшейтпелі шырай түзетін күшейткіш буыннан кейін қойылады: қып-қызыл, әп-әсем, жап-жақсы т.с.с. Алайда ақ, көк сөздеріне күшейткіш буын үстелгенде, дефис қойылмайды: аппақ, көкпеңбек (ап-ақ, көп-көк емес).
  • 124. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, одан кейін келетін зат есімнің алдынан дефис қойылады: 5-сынып, 6-қабат, 1-орын т.с.с. Сондай-ақ сан есімнен кейін —ыншы/-інші қосымшасы жалғанса да, арасына дефис қойылады: 6-ыншы, 7-інші т.с.с. Алайда сан есім рим цифрларымен берілсе, дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІІІ сессия т.с.с.
  • 125. Сан есім затсымақтанып (А.Байтұрсынұлының термині), одан кейін септік жалғаулары жалғанса, арасына дефис қойылады: 5-ке 4-ті қосса, 20-ны 2- ге бөлсе т.с.с.
  • 126. Топтау үстеулері немесе топтық сан есімдерден кейін дефис қойылады: алты-алтыдан, екі-екіден, бір-бірлеп т.с.с.
  • 127. Екі сан есімнің тіркесуінен жасалған болжалды сан есімдердің арасына дефис қойылады: екі-үштерде, отыз-қырықтарда, үш-төрт т.с.с.
  • 128. Басқы әріп түрінде қысқарған сөзден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан қойылады: ҚазҰУ-ға, БҰҰ-дан т.с.с. Алайда буын түрінде қысқарған сөздерден кейін келген қосымшаның алдынан дефис қойылмайды: ауаткомға, ұжымшарда т.б.
  • 129. Шетелдік компания немесе шетелдік тауар (өзге тілдің әріптерімен жазылған) атауларынан кейін қосымша жалғанғанда дефис қойылады: Toshіba- ға, «Henkel»-ден т.с.с.
  • 130. Техника маркаларын көрсететін шартты белгілерден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: ТУ-104-ті, ДТ-54-пен т.с.с.
  • 131. Ұзындық, салмақ т.б. өлшемдер қысқартылып берілген кезде шартты белгілерден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: см-дей, кг-нан, 10°-қа т.с.с.
  • 132. Нысан ретінде қолданылған жеке әріп немесе қосымшадан кейін дефис қойылады: әнің сөз соңында келмейтіні, адан басталатын сөздер, — да- ға жалғанады, -ық/-ікпен салыстырғанда т.с.с.
  • 133. Араб тілінен енген әл артиклінен кейін дефис қойылады: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни т.б. Алайда хан, би, бек, шешен т.б. сөздерінің алдынан дефис қойылмайды: Абылай хан, Әйтеке би, Жиренше шешен т.с.с.
  • 134. -мыс, -ақ, -ау, -ай демеулік шылауларынан бұрын дефис қойылады:

келіпті-мыс, айтады-ақ, сен-ақ, сәулем-ау, қалқам-ай т.с.с.

  • 135. Есімше тұлғаларынан кейін келетін өткен шақ қосымшаларының (— ды, -ді) алдынан дефис қойылады: келетін-ді, баратын-ды т.с.с.
  • 136. Қосымшалар жеке-дара қолданылғанда алдынан дефис қойылады: — лар/-лер жалғауы, ын/-ін қосымшасы, — лы/-лі жұрнағы т.с.с.
  • 137. Парсы тілінен енген беймаза, бейбақ, бейшара, намағлұм т.с.с. сөздердің құрамындағы бей-, на— префикстері сөзге жалғанбай, жеке қолданылғанда, дефис қойылады.

 

  • 138. Е көмекші етістігі жеке келгенде, дефис қойылады: е- етістігімен тіркеседі, е- етістігінен кейін т.с.с.
  • 139. Сөз жолға сыймай қалған кезде тасымалдау үшін дефис қойылады:

Темірқа-зықтан, шаруашы-лық т.с.с.

  • 140. Мәтіннің соңында пайдаланған әдебиетті көрсетуде дефис шартты белгі ретінде қолданылады: — Алматы, 2016. — 267-б.; — Астана, 2015. — 368 б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *