БҰЙРЫҚ

 

 

Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.

Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:

  • ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
  • ші топ. Жеке құрамға байланысты.
  • Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру,  қаржыландыру,  жоспар- лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.

Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, “… байланысты”, “…жүзеге асыруда”, “… жақсарту мақсатында”, “… орындау мақсатында”, “…жетілдіру мақсатында”, “… үшін”, “…сәйкес” деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.

  • Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:

  • Зейнеткерлікке шығуына байланысты
  • Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
  • Кәсіпорынның жойылуына байланысты
  • Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
  • Өз өтініші бойынша
  • Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
  • Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
  • Ресми сапарға кетуіне байланысты
  • Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
  • Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.

Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады. Мысалы:

 

Орынғазы Әбутәліп                                                                                                      

  • Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
  • Кәсіпорынның жойылуы туралы
  • Жұмысқа қабылдану туралы
  • Жұмыстан босату туралы
  • Уақытша ауыстыру туралы
  • Үстемақы белгілеу туралы және т.б.

Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.

Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.

1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық). 2-ші «Өкімдік бөлік».

Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады. Өкімдік бөлік «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады  да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен

белгіленеді.

Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.

Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне бай- ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы- на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі. Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы-

лады. Мысалы,

  • тыйым салынсын
  • босатылсын
  • қабылдансын
  • белгіленсін
  • жүктелсін
  • тағайындалсын
  • ауыстырылсын.

Сондай-ақ мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:

  • Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар.
  • Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.
  • Арнайы бұйрықтар.
  • Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында

 

шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байла- нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.

Арнайы бұйрықтар, көбіне, қаржы-экономикалық мәселелерге бай- ланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 да- насы марапатталған адамға тапсырылады.

Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі меке- мелермен және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы бұйрық жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бас- тап күшіне енеді.

6 Құрылымы:

  1. Мекеме атауы.
  2. Жазылған күні, айы, жылы, орны.
  3. Бұйрықтың тақырыбы.
  4. Құжат нөмірі, атауы.
  5. Айқындаушы бөлік (Бұйрықты беруге негіз болған дерек, бұйрықтың мақсаты).
  6. Өкімдік бөлік (Негізгі мәтіні).
  7. Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет (міндеті, аты-жөні, лауазымы).
  8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.

 

Халықаралық                                                     Международная

Бизнес                                                                Академия

Академиясы                                                             Бизнеса

 

БҰЙРЫҚ                                                                                           ПРИКАЗ

 

«10» қаңтар 2010 ж. Алматы қаласы

 

Ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы

№75 БҰЙРЫҚ

 

Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбеков қол қойған, ҚЭФ деканы А.Ә.Өмірбековтің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1)  «Ақпараттық технологиялар» факультеті «09705114» (бакалавриат) бойынша ақылы негізде оқитын 2 курс студенті Жанболатов Берік сабақ үлгерімінің төмен болуына байланысты 10.01.2010 жылдан бастап университеттен оқудан шығарылсын.

2)  16.08.2009 жылғы №665 келісімшарт бұзылсын.

3)  Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақшалай қаржы кері қайтарылмайды.

 

 

Ректор                                                                       Т. Балықбаев

(қолы)

Бірінші проректор                                               Ж. Нүсенов

(қолы)

Бас есепші                                                             К. Жұмабаева

(қолы)

Заң кеңесшісі                                                         А. Досымова

(қолы)

келісілді.

 

Халықаралық                                                     Международная

Бизнес                                                                Академия

Академиясы                                                             Бизнеса

 

БҰЙРЫҚ                                                                                           ПРИКАЗ

 

«08» қаңтар 2011 ж. Алматы қаласы

 

 

Логистика мамандығының 3 курс студенті Е.С. Асқаровты академиялық үзілістен кейін қайта қабылдау туралы

№280/с БҰЙРЫҚ

 

Студенттің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1.        Логистика мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын Асқаров Елдос Сапарұлы академиялық үзілістен кейін 3 курсқа қабылдансын.

2.      2010-2011 оқу жылының көктемгі семестрінен (17.01.2011) бастап сабаққа кірісуге рұқсат етілсін.

3.          Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор А.А. Қарабаеваға жүктелсін.

 

Ректор                                                   Т. Балықбаев

 

, 3-үлгі

 

Халықаралық                                                     Международная

Бизнес                                                                Академия

Академиясы                                                             Бизнеса

 

БҰЙРЫҚ                                                                                           ПРИКАЗ

 

«25» қаңтар 2013 ж. Алматы қаласы

 

«Аймақтану» мамандығының 2 курс студенті Д.А. Омарованы

«Маркетинг» мамандығына ауыстыру туралы

№282/с БҰЙРЫҚ

 

Студенттің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1.         «Аймақтану» мамандығы бойынша (қазақ бөлімінде) оқитын 2 курс студенті Омарова Дина Алтайқызы «Маркетинг» мамандығына 2012-2013 оқу жылынан бастап ауыстырылсын.

2.      ХБА-мен Д.А. Омарованың арасында білім беру қызметін көрсету бойынша келісімшартқа сәйкес өзгертулер енгізілсін.

3.          Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбековке жүктелсін.

 

 

Ректор                                                                 Т. Балықбаев

 

 

, 4-үлгі

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

2 сәуір 1999 жыл Астана қаласы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының іске асырылуын бақылауды күшейту туралы

№115 БҰЙРЫҚ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769, «Тілдер туралы Заңды сақтауды бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы №19 Қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №01-8/49 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1.  Ведомстволық мекемелер басшылары ішкі мүмкіндіктері есебінен Мемлекеттік тілде ісжүргізуші мамандар мен аудармашылар қызметін ескерсін.

2.   Жоғары оқу орындарының ректорлары 1999-2000 оқу жылының оқу бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» мамандықтарының арнайы курсын енгізсін.

3.      Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық инфрақұрылым департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі ақпарат жиынтығын әр тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Министр                                                        В.Школьник

(қолы)

Ескерту!

Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және кеңседе сақталады.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Бұйрық қандай құжат?
  2. Бұйрыққа кім қол қояды?
  3. Бұйрықтың қандай түрлері бар?
  4. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
  5. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
  6. Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?

 

 

Тілдік бірліктер:

 

•     Өз өтініші бойынша

•     Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

•     Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

•     Зейнеткерлікке шығуына байланысты

•     Жасалған және еңбек келісімшартына сәйкес

•     70 жылдық мерейтойына байланысты

•     Отбасы жағдайына байланысты

•     Бала күтіміне байланысты

•     Қабылдансын

•     Жүктелсін

•     Тағайындалсын

•     Дайындасын

•     Рәсімделсін

•     Босатылсын

•     Ұйымдастырылсын

•     Баяндасын

•     Енгізілсін

•     Толықтырылсын

•     Анықталсын

•     Рұқсат етілсін

•     Жүзеге асырылсын

•     Тыйым салынсын

•     Өзгеріс енгізілсін

•     Қамтамасыз етілсін

•     Шешім қабылдансын

•     Іске қосылсын

•     Жарамсыз деп табылсын

 

 

•     Шара қолданылсын

•     Бақылауға алынсын

•     Материалдық көмек көрсету туралы

•     Комиссия құру туралы

•     Үстемақы белгілеу туралы

•     Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

 

  • жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа Штаттық Орынбаевтың Үстемақы Отбасы

Еңбек шартының Зейнеткерлікке Апталық Атқаратын Бұйрыққа қол Жұмысқа қабылдау

Басқа жұмысқа ауысуына Оқудан

Қызметке

Материалдық көмек

□  кестеге сәйкес

□  белгілеу

□  жағдайына байланысты

□  шығуына байланысты

□  сынақ мерзімімен

□  қызметінен

□  өтініші

□  қабылдау туралы

□  аяқталуына байланысты

□  көрсетілсін

□  қабылдансын

□  шығарылсын

□  қойылды

□  туралы

□  байланысты

  • жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз.

Белгілеу                            – белгіленсін

енгізу                               – ……………………

қысқарту                           – ……………………

жүктеу                              – ……………………

жүргізу                             – ……………………

орындау                            – ……………………

тыйым салу                       – ……………………

 

  • жаттығу. Көп нүктенің орнын толтырыңыз.

Қаржы-экономика   факультетінің   2 курс  студенті…………. пәндер

айырмашылығын тапсыруға жіберілсін. ……….. 3 курс студенті Жақыпбекова Сәуле 2009-2010 оқу жылына ақы төлемегендігіне бай- ланысты оқудан шығарылсын. Жанболатов Ербол Қаржы-экономика факультеті  күндізгі орыс бөлімінің………………………………………… ақылы негізде қайтадан оқуға

алынсын. Ақылы негізде оқитын күндізгі орыс бөлімінің 5 курс студенті

 

Маратов Жақып …….. Ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Еркебұланова Жамал мемлекеттік білім несиесі негізінде оқудан

….. ауыстырылсын.

 

  • жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі:

А. Жандосов 2003 жылдың 13 маусымынан бастап отбасы жағ- дайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

 

Аты-жөні

Күні, айы, жылы

Себебі

Қызметі

Е.Омарова Б.Сағатов

Қ.Боранбаева

21.02.2002 ж.

 

10.11.1998 ж.

 

15.01.2004 ж.

кәсіпорынның жабылуы басқа жұмысқа ауысу

себепсіз жұмыстан қалу

хатшы үйлестіруші

есепші

  • жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
  1. С. Садықоваға / аяқтау үшін / 6 ай / шығармашылық демалыс / док- торлық диссертациясын / көлемінде / берілсін /.
  2. факультетінің / Ақпараттық / 2 курс / технология / студенті / оқуға Б.Әбжаппаров / қайтадан / алынсын.
  3. «Ақпараттық технологиялар» / ақылы негізде оқитын / факультеті

/ «09705114» (бакалавриат) / бойынша / сабақ үлгеріміне / байланысты / шығарылсын / 1-курс студенті / 10.01.2010 жылдан бастап / университет- те / Жанболатов Берік / оқудан.

Керекті тілдік бірліктер:

шетелдік іссапардан қайтып келді деп есептелсін, Әріпбаева Гүлсім, мемлекеттік білім гранты негізіндегі оқуға, Ақпараттық технологиялар факультетінің, 2 курсына.

 

  • жаттығу. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

1. Бұйрық

□ Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты. 2. Күнделікті мәселелерге

байланысты. 3. Төтенше жағдайға байланысты.

2. Бұрыштама

□ Бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетілетін, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз

болған факті көрсетіледі.

 

 

3.Бұйрықтың

түрлері

□ Мекеме басшысына келіп түскеннен кейін

қойылатын қолмен жазылатын сөз.

4. Констатациялық

бөлікте

□ Жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды

адамға жүктелетін өкілетті құжат.

  • жаттығу. Бұйрық үлгісін қазақ тіліне аударыңыз.

 

«Халықаралық Бизнес Академиясы» КЕББМ

 

БҰЙРЫҚ

 

 

НОУ

«Международная Академия Бизнеса»

 

ПРИКАЗ

 

 

№ 157

20 апреля 2013 г. город Алматы

 

О предоставлении академического отпуска

 

В соответствии с Правилами предоставления академических отпус- ков обучающимся в организациях образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 19.01.2012 г.

№108

ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Предоставить академический отпуск с 29 апреля по 1 сентября 2013 года А.И. Дюсембаеву, студенту 1 курса специальности «Инфор- мационные системы» очной формы обучения русского отделения.

Основание: заявление Дюсембаева А.И. с визой директора Департа- мента бакалаврских программ Хан И.Г.

Приложение: выписка из протокола ВКК №192 от 25 апреля 2013 года городской поликлиники №1 г.Алматы.

 

Должность                                                                                                                

(подпись)                             (инициал имени, фамилия)

 

Внесено:                                                                                                                    

(подпись)                             (инициал имени, фамилия)

 

Согласовано:                                                                                                            

(подпись)                                         (инициал имени, фамилия)

 

Визы:                                                                                                                          

(подпись)                                         (инициал имени, фамилия)

 

  • жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Секретарь, на должность секретаря, труд, условия труда, особые ус- ловия труда, прием, о приеме на работу, в связи с уходом на пенсию, в связи с переходом на другую работу, текст приказа, приказываю, приказ о приеме на работу, состав, по личному составу, подпись, испытательный срок, с двухнедельным испытательным сроком.

 

ç Тапсырмалар:

  1. Өз өтініші бойынша оқудан шығару туралы бұйрық дайындаңыз.
  2. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты бұйрық дайын- даңыз.
  3. Зейнеткерлікке шығуына байланысты бұйрық дайындаңыз.
  4. Жасалған жаңа еңбек келісімшартына сәйкес бұйрық дайындаңыз.
  5. Отбасы жағдайына байланысты бұйрық дайындаңыз.
  6. Бала күтіміне байланысты бұйрық дайындаңыз.
  7. Полковник әскери атағының берілуіне байланысты бұйрық дайындаңыз.

h Сөздік және сөз тіркестері:

бұйырамын                                  – приказываю

өкім                                             – распоряжение

нұсқау                                         – инструкция, указание

қаулы                                          – постановление

шешім                                         – решение

жарлық                                        – указ

қабылдансын                               – принять

қаралсын                                     – рассмотреть

жүктелсін                                    – возложить

тағайындалсын                            – назначить

дайындалсын                               – подготовить

тапсырылсын                               – поручить

рәсімделсін                                  – оформить

босатылсын                                  – освободить

рұқсат етілсін                              – разрешить

баяндалсын                                  – доложить

жүзеге асырылсын                       – реализовать

штаттық кесте                              – штатное расписание

шаттық кестеге сәйкес                  – согласно штатному расписанию штаттан тыс оқытушы ретінде       – в качестве внештатного

преподавателя

жеке құрам бойынша                   – по личному составу

 

міндет жүктеу                              – возложить обязанность

өкілеттік жүктеу                          – возложить полномочия

комиссия құрылсын                     – создать комиссию

жұмысқа қабылдансын                 – принять на работу

белгіленген тәртіпте                    – в установленном порядке жұмысқа қабылдау туралы          – о приеме на работу кезекті демалыс туралы           – об очередном отпуске кезектен тыс демалыс туралы – о внеочередном отпуске

ақшалай сыйлық беру туралы       – о денежном вознаграждении ескерту жариялау туралы       – об объявлении замечания материалдық көмек беру туралы – о материальной помощи күшіне енеді          – вступает в действие

қалпына келтірілсін                     – восстановить

жарамсыз деп танылсын               – считать недействительным жауапкершілік жүктелсін          – возложить ответственность жәрдем көрсетілсін       – оказывать помощь

бұйрықпен танысу                       – ознакомиться с приказом марапаттауға ұсынылсын – представить к награждению іссапарға жіберілсін          – командировать

тексеру актісі негізінде                – на основании Акта проверки кадрлармен жұмыс кезіндегі – за упущения в работе с кадрами салғырттығы үшін

қызметтік этика Ережесін            – за допущенные нарушения бұзғаны үшін               Правил служебной этики

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *