Бауырдан тәулігіне 0,5-1,5 л дейін өт бөлініп, өт қабына жиналады. 12 елі ішекке тамақ түскенде өт қабынан 12 елі ішекке құйылады. Өттің 12 елі ішекке құйылуының азаюы бауырдан аз бөлінуіне немесе өт қабатынан шыға алмауына байланысты. Өт айдайтын дәрілер өттің бауырдан бөлінуіне және өт қалтасынан шығуын жеңілдетуге гепатит, холецистит, холангит, өт қалтасы қабынуы, т.б. асқорыту мүшелері ауруларында қолданылады.
Холеретиктер (холесекретиктер) өттің пайда болуын күшейтеді және оларды сұйылтып, айдалуына алып келеді.
А) Жануралардан алынған холеретикпрепараттар: Аллахол, Холензим (жануар өтінен тұрады).
Б) Өсімдіктен алынған холеретик препараттар: Фламин, Берберин, Танацехол, Холосас, Холагол.
В) Синтетикалық холеретик препараттар: Оксафенамид, Одестон (Гимекромон), Никодин, Циквалон.
Г) Холеретик әсерлі өсімдіктер:салаубас, түймешетен (пижма), жүгері шашақтары (кукурузные рыльца), итмұрын, бөрі қарақат (барбарис), жалбыз (мята).
Холеретиктер қолданылады: созылмалы гепатит, холецистит, холангитте.
Холеретиктереқарсы көрсеткіш: бауырдың жіті қабынуы мен дистрофиясы, өт тас ауруы.
Холекинетиктер өт жолдарында спазманы төмендетіп, 12 елі ішекке өт шығуын жеңілдетеді.
Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер өт қалтасының тонусын жоғарылатып, Одди сфинкторын босаңсытады. Дәрілері: Магний сульфат, Ксилит, Сорбит, зәйтүнмайы, күнбағыс майы.
Қолданылады: созылмалы гепатитте, холециститте, өт жолдары дискинезиясында, өт қалтасы атониясында.
Қарсы көрсеткіші: бауыр мен асқазанның жіті қабынуы, өт тас ауруы.
Өт жолдарының гипертониялық дискинезиясында қолданылатын холекинетиктер (өт жолдарының бұлшық еттерін босаңсытады):
М-хлоиноблокаторлар:Атропин, Платифиллин;
Миотропты спазмолитиктер: Папаверин, Но-шпа, Эуфиллин, Галидор, Холагол. Олар спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылады: өт тас ауруында, іштің түйілуінде (ауырсынулы асқазан ішек спазмаларында).
Холелитолитикалық (өт қалтасындағы тастарды ерітетін) дәрілер: Хенофальк (Хенодезоксихолий қышқылы), Урсофальк (Урсодезоксихолий қышқылы, Урсосан).
Өт қалтасында пайда болған құрамында кальциі жоқ холестеринді тастарды ерітеді. Өт түнгі уақытта холестериндермен қанығатындықтан бұл дәрілерді түнге қарай 6айдан 2-3 жылға дейін қабылдайды.