Әсеретумеханизмінеқарай тікелей және шеткері әсерлі дәрілері бар.
Құстыратын тікелей әсер ететін дәрілер құсу орталығын қоздырады: апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, обырға қарсы дәрілер.
Құстыратын рефлекторлы әсер ететін дәрілер асқазанның кілегей қабығын тітіркендіреді: мырышсульфаты (ZnSO4), мыс сульфаты (CuSO4), арамтұмсық (термопсис), ипекакуана (рвотный корень) препараттары. Асқазандағы жүйке ұштары қозып, импульстер құсу ортлығына жетіп, құсу рефлексі болады. Құстыратын дәрілер аз мөлшерде қабылдағанда бронх секрециясына әсер етіп, қақырық бөлінуін жеңілдетеді. Құстыратын дәрілер уланғанда қолданылады.