Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Қан бөлігі: сұйық плазма және түрлі элементтер: эритроцит (қызыл), лейкоцит (ақ), тромбоциттерден тұрады.

Қанның негізгі қызметі:

  1. Тасымалдау — тіршілікке қажетті заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады.
  2. Тыныс алу – оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді.
  3. Қоректендіру (трофикалық)- асқазан ішек жолдарынан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен минералдарды тіндерге жеткізеді.
  4. Қорғаныш- тіндерге енген микробтарды, улы заттарды бейтараптайды (нейтрализация).

Эритроциттерқанға оттегін, қаннан көмірқышқыл газын тасымалдайды.

Лейкоциттерқорғаныш, фагоциттік, иммундық қызмет атқарады.

Тромбоциттерқанның ұюына, тромб түзілуіне қатысады.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер 3 топқа бөлінеді.

  1. Эритропоэзға әсер ететін дәрілер
  2. Лейкопоэзға әсер ететін дәрілер
  3. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

А) Тромб түзілуіне әсер ететін дәрілер

Б)  Фибринолизге әсер ететін дәрілер

  1. Эротропоэзді күшейтетін дәрілер әртүрлі анемияларда қолданылады.

Анемия гипохромды және  гиперхромды болады. Гипохромды анемия ағзада  гемоглобиннің түзілуіне қажетті темірдің жетіспеушілігінен болады.

А) Гипохромды (теміржетіспеушілік) анемияда  құрамында темірі бар дәрілер қолданылады: Сорбифер, ферроплекс, Феркайл, актиферрин, феррум-лек, гемофер, Космофер, тардиферон, Тотема, темір лактаты,  гемостимулин.

Б) Гиперхромды анемия екі түрлі болады:

1) пернициозды анемия

2) макроцитарлы анемия.

Пернициозды  анемиядаэритроциттердің  саны азайып,В12витаминінің жетіспеушілігінен дамитындықтан Цианокобаламин (витамин В12) витамині қолданылады.

Макроцитарлы  анемияда эритроциттер азайып, көлемі ұлғайып, фолий қышқылының жетіспеушілігі болатындықтан Фолий қышқылы (Вит Вс). қолданылады.

  1. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер: Натрий нуклеинат, Пентоксил, Метилурацил.

Әсері: сүйектің милы қабатынан лейкоцит өндірілуін жылдамдатады. Қолданылады: қабынуға қарсы, регенерацияны күшейтуге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *