Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы

 Жоспары:

1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары

2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

3. Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру

4. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту  

1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары Отандық арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайық даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсақ, олар- ерте жастан түзету педагогикалық қолдау көрсету мен кемтар балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дұрыс ұйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның көрінісі арнайы білім беру ұйымдарының кеңеюі, жаңа педагогикалық технологиялардың еңуі, кемтар балаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, түзеу арқылы қолдау). Арнайы білім берудің жетістіктерінің бірі зиятында шамалы ауытқуы бар балаларды көмекші мектептерде оқыту мүмкіндіктердің кеңейтілуі, нақты арнайы білім беру бағдарламардың жобалары әзірленіп, тәжірибеден өтуде. “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңды қабылдау мен жүзеге асыру арнайы білім беру жүйесінде көптеген өзгерістерге себеп болғандығын дәлелі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың бұрынғы 120 мыннан 60 мын балаға ашылуын келтіруге болады. 2008 жылы республикамызда 56 ПМПК қызмет етуде, бірақ бұл саңда әлі күнге дейін жеткіліксіз. Қазір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері белсенді барлық аудан орталықтарында ашылып жатыр, саңы 113. Оңалту орталықтары да белсенді мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету қызметін атқаруда, олардын саны 12 жетті. Сонымен қатар кемтар баласы бар отбасымен жұмысты дамыту мәселелерімен әлеуметтік, денсаулық сақтау және педагогикалық мекемелер айналысып жатыр. Елімізде 212 әлеуметтік көмек көрсету орталықтары дамуында кемістіктері бар балаларға қызмет етуде. Жоғарыда аталған Заңың жүзеге асыру әлеуметтік, медициналық-педагогикалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін қалыптастыруға жол ашты және сол жүйені ғылыми-әдістемелік, материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды талап етті.

2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады. Отандық (Ерсарина А.Қ., Жалмүхамедова А.Қ., Сұлейменова Р.А. т.б.) және шетел (Bloom A.S.,. Goerdt A., Walton G.M., .Bannister C.M., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А . т.б ) ғылыми зерттеулер бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмыстын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтардың алдын алуға жол ашады. Осы бағытта жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру кемтар балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтік бейімделу және қоғамға бірігу мүмкіндіктерін жоғарлатады. Аталмыш балалармен түзету жұмысын жүргізуде емдік шаралардан ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауға көңіл бөлу қажет. Түзеу педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары да ерте жастан түзетушілік көмектің тиімділігің ғылыми түрде дәләлдеген. Қазір республикамызда бес деңгейлік мемлекеттік мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Сұлейменова Р.А.) жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе емханалар мен перзентханалардағы скрининг әдістемесінең басталады да, кейін арнайы білім беру ұйымдарында жалғасады. Нақты жүйе келесі деңгейлерден құрастырылған. 1 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды скрининг әдістемесінен өткізу. Скрининг–қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Бұл міндетті медициналық қызметкерлер атқарады. 2 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды терең кешенді тексеру. Бұл қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орындайды. 3 деңгей – түзетшілік көмек көрсету қызметің оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен арнайы балабақшалар және жалпы үлгідегі балабақшалардағы арнайы топтар атқарады. 4 деңгей – ерте көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ғылыми зерттеу орталықтары мен зерттханалар жүргізеді. 5 деңгей –ерте көмек көрсету жүйесін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету қызметің мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды басқару ұйымдары атқаруға тиіс. Отандық арнайы білім беру жүйесінде қазіргі уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы көмек көрсету саласы өзектілігін жоғалтпады. Жалпы білім беру ұйымдарынын мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 23 % аса саңы арнайы көмек алуда. Ерекше мәселе ретінде ерте және мектеп жасына дейінгі терең кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиеуді қарастыру, зерттеу қажеттілігі өзекті. 3. Шет елдерде біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру Қазіргі кезде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және мемлекет тарапынан қарастырылартын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы білім беру ұйымдарында қажетті мөлшерде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мәселесі жаңадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибені алмасу қажеттілігін туындап, өзектілігін білдірді. 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламанкалық декларация” (1994). 2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагоггтармен қызмет көрсететін қосымша персонал сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар). Қазіргі уақытта көптеген шет елдерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беру ұйымдарында бірге оқыту жағдайлары ұйымдастырылған. Бұл дегеніміз мемлекеттік иклюзивті саясатының енгізілуін білдіреді, яғни әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қолдаудың мазмұны мен түрі әр оқушының жеке қажеттіліктеріне тәуелді.

4. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр. Бұл жерде арнайы педагогиканың болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселелерін әзірлеу болып келеді. Республикада қазіргі қоғам көз қарасын нығайтуына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат – міндеттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласында жалпы ұлттық қызығушылықты және оған деген әлеуметтік талап етуді етлейтін жаңа білім беру саясатының жақтылануы мен құрылуы қажет екендігін білдіреді. ҚР арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбұр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымың еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет. Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасу жолында. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет. Сонымен, отандық арнайы білім беру жүйе алдында көптеген мақсат-міндеттер өз өзектілігін білдіреді, болашақта ерте түзету педагогикалық қолдауды кеңінен еңгізіп, мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығының білім алу мекемелерің еркін таңдауға құқықтарын қамтамасыз ету жетекші бағыттар. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім берудің құқықтық базасы: 1. Декларация о правах инвалидов (ООН, 1971) 2. Декларация о правах умственно отсталых лиц (ООН, 1975) 3. Бала құқықтары туралы Конвенция. (БҰҰ 1989) 4. Стандартные правила обеспечения равных возможностей для инвалидов, принятые Генеральной Ассамблеей ООН в 1993. 5. Саламанкская Декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями. – Саламанка, 1994; 6. ҚР “Баланың құқықтары туралы” Заңы (2002) 7. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама: — ҚР “Білім туралы” Заңы (өзгертулер және толықтырулармен 2007 жылдың 25 мамырына берілген); — ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң (2002) — Қазақстан Республикасында білм беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген; — Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №5 96 қаулысымен бекітілген; — Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысымен бекітілген; — Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген; — Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысымен бекітілген; — Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан № 300; — Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген; — Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұймдастыру тәртібі туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген; — Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген; — Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытыңды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген; — Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысымен бекітілген; — Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 1305 қаулысымен бекітілген; — Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиленушілерін жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпараттармен және оларды кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді қамтамасыз ету мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек № 1347; 8. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттар: — Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын санын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бұйрық №781; — Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы №721 бұйрығымен бекітілген; — Оналту орталыгының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 1 Қосымша; — Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 712 Бұйрығына 2 Қосымша); — Логопедтік пунктің қызметін қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 2 Қосымша.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *