І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
Оқытудың міндеттері:
- оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
- Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
- оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
- оқушылардың қазақ және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
- оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.
Отан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі мен маңызы. Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан аумағындагы археологиялық қазба жұмыстары. Қазақстан тарихынан деректер. Ертедегі жазулар. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Жазбаша деректердің түрлері. Өлкетану. Тарихи уакыт. Біздің заманымызға дейін (б.з.д.). Біздің заман (б.з.). Хижра. Қазақ күнтізбесі. Тарихи жыл санау. Тарихи карталар. Қазақстан дүние жүзі картасында. Қазақстанның табиғаты. Тарихы мен табиғаты. Қазақстан халқы. Халықтың саны, ұлттық қүрамы. Әлеуметтік қүрамы. Халықтың тығыздығы. Тарихи көшіқон. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран. Теңге. Қазақстан тарихына саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында. Қазіргі Қазақстан. Болашаққа жол. Қазақстан Республикасының жариялануы. Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау. Астана — мемлекетіміздің Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері. Ежелгі Қазақстанның адамзат тарихындағы орны. Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы тұрғындары туралы білім көздері. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Неолит дәуірі. Металл өндірісі. Андронов мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қоғамдық-мәдени өмірі. Ежелгі Қазақстан темір дәуірі қарсаңында. Қазақстан ерте темір ғасырында. Қазақстан аумағындағы ірі тайпалық бірлестіктер. Темірдің пайда болуы. Сақ-савромат тайпалары. Сақ-савромат тайпаларының қоғамдық-саяси құрылымы мен шаруашылығы. Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі. Сақтар мәдениеті мен өнері. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар және халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.
Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық мәдениет туралы түсінік. Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті. Қазақстандағы патша қорғандары. Көшпелі өркениеттің қалыптасуы. Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.
VI-XII ғғ. ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. Түрік қағанаты.
Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.
Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.
«Түркеш» этнонимі. Түркеш тайпалары туралы жазба деректер. Түркеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.
VI-XII ғғ. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан. XIII-XV ғғ. Қазақстан қалалары мен сәулет өнері. XV ғ. екінші жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы – 1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.). Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І жартысындағы мәдениеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның ХІХ ғ. екінші жартысындағы мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-1941 жж. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстан
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
- тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
- әр ел халқының түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениеті, діни сенімдері, өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;
- тарих пәні туралы мәліметтерді, тарихи деректерді, тарих картасын, тарихи уакыттарды;
- отандық тарихта болған маңызды кезеңдерді, ежелгі дүниеден казіргі заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;
- ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
- өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
- ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
- ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
- ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
- тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
- ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
- өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
- ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
- ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
- ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
- орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;
- орта ғасырлар шеңберінде қазақ елінің тарихында болған маңызды оқиғалар желісін;
- орта ғасырлардағы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;
- қазақ даласында мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның даму ерекшелігін;
- орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар мен қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін;
- орта ғасырлардағы тайпалардың өмірі, тұрмысы, діни-нанымдары мен әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;
- орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;
- зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;
- сол кезеңдегі қоғамның белгілі саяси және мемлекет қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін;
- жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;
- әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі басқаруды;
- Қазақстан халықтарының жаңа кезеңдегі салт-дәстүрлерін және мәдени мұраларын;
- ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрылымын;
- ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;
- ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлерді;
- Қазақстандағы «әскери коммунизм», ЖЭС, «Кіші Қазан», индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріске сипаттама жасай алуы;
- Қазақстанда ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси процестер: азамат соғысының негізгі оқиғаларын, «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең, тың эпопеясы, «тоқырау» кезеңі және «қайта құру», Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;
- кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс құбылыстарын анықтай білуі;
- Қазақстанның ХХ ғасырда халыққа білім беру, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.
Сонымен қатар:
- Отандык тарихтағы негізгі маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;
- жыл мен ғасыр арақатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын анықтауды;
- тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;
- тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;
- түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;
- түрлі кезеңдегі оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді өзара салыстыру жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;
- оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;
- тарихтан алған білімін басқа пәндерді оқығанда, күнделікті өмірде қолдану біліуін меңгеруі қажет;
- ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі аса маңызды оқиғалар мен бұрынғы өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;
- тарихи деректерді талдауды және салыстыруды, тарихи үрдістердің мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;
- жылдар мен ғасырлардың ара қатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;
- тарихи картадан тайпалар мен тайпа бірлестіктерінің, мемлекеттердің шекаралары орналасқан аумағын, аса маңызды тарихи оқиға болған жерлерді көрсетуі және оны мазмұндай білуі;
- ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, киімдерін, баспанасын, сыртқы келбетін сипаттай білуі;
- тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;
- оқыған мәтініне жоспар құра білуі;
- өзге пәндерден және қосымша материалдардан алған білімді тарихи үрдістер мен оқиғаларға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында пайдалануды;
- орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;
- тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;
- тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;
- тарихи картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын және қазақ даласындағы Шыңғысхан және Әмір Темір жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;
- тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
- орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы қысқаша эсселер мен тарихи шығармалар жазуды;
- тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды;
- жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;
- әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;
- тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;
- өз көзқарасын қорғай білуді;
- басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;
- Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалай білуді;
- тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;
- жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп – салдарын анықтауды;
- ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларна баға беруді;
- әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;
- тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;
- Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалауды және сипаттай білуді;
- тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;
- өз көзқарасын құрастыруды;
- өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.
Бейіндік оқытуда жаратылыстану- математикалық бағытындағы білім мазмұнын «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде сабақтастыру
«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химия-биология пәнінің сабақтастығы келесі бағытта жүзеге асы керек (3-кесте):
3-кесте – «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химия-биология пәнінің сабақтастығы
12 жылдық мектеп |
Медициналық, жаратылыстану бағытында білім беретін колледждер |
ЖОО (медициналық, биолгиялық, химиялық, технологиялық, әлеуметтік мамандықтар бойынша) |
Химиялық-биологиялық бейін бейіндік пәндер: 1.english for specific purposes (ағылшын тілінде) 2.химия (жетік деңгей) 3.биология (жетік деңгей) 4.физикалық химияға кіріспе 5.биохимия және биотехнология негіздері 6.экология және тұрақты даму
7.технологиялық процестерді модельдеу |
«Мектеп химиялық-биологиялық пәнінің негізі»; Гуманитарлық колледждегі химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны»; АКО Интегративті жүйесінде химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны; |
«Жоғары мектептегі химиялық-биологиялық пәнінің» мазмұны Интегративті жүйесінде химиялық-биологиялық пәнінің мазмұны |
«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі химиялық-биологиялық пәнінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 12 жылдық білім беру мектепте келесі бейіндік пәндер бойынша келесі құзіреттіліктер қалыптасуы керек:
І. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты: оқушылардың бойында жаратылыстану ғылыми білімін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы түсінік пен көзқарасты дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.
Оқытудың міндеттері:
- табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру;
- табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;
- оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.
ІІ. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.
География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.
Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. Жергілікті жердің планы. Масштаб, абсолют және салыстырма биіктіктер. Глобус және карта. Жер қабықтары: жердің сыртқы құрылысы. Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық қабық – жердің ерекше кешенді қабығы.Зоналылық. Жылу белдеулер. Климаттық белдеулер. Азоналылық (секторлық, биіктік, белдеулік).
Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.
Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.
Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі. Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия. Физикалық-географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климаты. Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.
Планетадағы уақыт есебі және даталардың алмасу сызығы. Қазақстан Республикасының дүниежүзі және Еуразия картасындағы географиялық орны. Қазақстанның шекаралары.
Қазақстан Республикасы табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан табиғаты. Жер бедері. Геологиялық жыл санау. Негізгі тектоникалық құрылымдар және олардың жер бедеріндегі көрінісі. Пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары.
Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер жамылғысы, атмосфера циркуляциясы. Ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Қазақстан көлдері. Жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары. Топырақтың пайда болуы. Топырақтың негізгі типтері, олардың Қазақстан территориясы бойынша таралуы.
Табиғат зоналары. Ендік зоналары мен биіктік белдеулердің көрінісі. Қазақстанның ірі табиғи-аумақ кешендері. Жазықтар. Аласа таулы аудандар. Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.
Геосаясат және Қазақстанның геосаяси орны. Табиғат ресурстары. Қазақстанның халқы. Елді мекендердің типтері, кенттену процесі. Еңбек ресурстары.
Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. Өндірістің мамандануы, шоғырлануы, кооперативтендіруі, құрамдастырылуы. Ауыр өнеркәсіп және құрылыс материалдар өндірісі. Отын – энергетикалық кешен. Электр энергетикасы. Металлургия кешені. Машина жасау кешені. Химия өнеркәсібі. Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібі. АӨК құрамы және маңызы. Қазақстанның жер қоры. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары. Халық кәсіпшілігі. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.
Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзіне жалпы шолу. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің халқы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары, жалпы сипаттама, минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.
Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы және орналасу географиясы. Отын-энергетика кешені. Электр энергетикасы. Машина жасау кешені. Дүниежүзінің химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өсімдік, мал, балық шаруашылығы. Көлік және инфрақұрылым. Халықаралық экономикалық байланыстар.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.
Үндістан, Сингапур, Корей Республикасы, Жапония және Қытай. Еуропа елдері. Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия. Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) аймағы елдері және Канада. Латын Америкасы. Африка. Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР). Аустралия және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландияның.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық, азық-түлік, экологиялық, Дүниежүзілік мұхит проблемалары және ғарышты игеру.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
- Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;
- глобустағы және географиялық картадағы градус торын;
- экватор, меридиандар, параллельдер және географиялық координаталарды;
- ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;
- тауларды, жанартауларды, жазықтарды, ойпаттарды, мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды, өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,
- жер халқының санын, ірі халықтарды;
- негізгі нәсілдерді, негізгі үш нәсіл өкілдерінің сыртқы белгілерін атауы және көрсетуі тиіс;
- жергілікті жерде күннің көкжиектен биіктігін; жергілікті жерде көкжиек тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;
- жер бетінің планы және географиялық карта бойынша картографиялық нысандарды, бағыттарды, қашықтықтарды, нүктелердің биіктігін, карта және глобус бойынша географиялық координаталарды;
- туған өлкенің географиялық орнын және табиғатының ерекшеліктерін анықтауды және өлшеуді білуі тиіс;
- Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;
- климатқа байланысты қауіпті табиғи құбылыстарды, климаттың адам өмірі мен тұрмысына әсерін;
- «Жер планетасы» ұғымының мәнін; жергілікті жердің планын жасау тәсілдерін;
- картаның градус торын және глобуспен салыстырғанда картаның өлшеу мүмкіндіктерін; климат түзуші факторларды; мұхит суының қасиеттерін, қозғалысын және оның себептерін;
- геологиялық жыл санауды; ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және жанартаулы белдеулерді;
- құрлық және мұхит түбі жер бедерінің ірі формаларын; климат құрушы факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;
- материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;
- Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;
- Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі; экологиялық проблемалардың себептері;
- Қазақстанның аумағы, республика орналасқан дүние бөліктері, шекаралары;
- климат құрушы факторларды; ішкі суларын; табиғат зоналарын, таулардағы биіктік белдеулерді;
- елдің физикалық-экономикалық-географиялық жағдайы және оның Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік картасын;
- халықтың санын, халықтың табиғи өсімін, Қазақстан халқы санының өзгерісіне әсер ететін факторларды;
- географиялық еңбек бөлінісі және аумақтың шаруашылық мамандануын;
- экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттамаларын;
- дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері, елдің саяси және геосаяси жағдайы; дүние жүзі елдерінің басқару түрлері, әкімшілік-аумақтық құрылысы;
- елдердің типологиясы; дүниежүзі халқы: қозғалыс динамикасы; ұдайы өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы, урбандалу үрдісі;
- дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;
- дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;
- ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;
- дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;
- дүниежүзінің жекелеген елдерінің және дүние жүзі аймақтарының экономикалық-географиялық сипаттамасы;
- Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі рөлі, орны және маңызы жайлы түсінігі болу керек;
- дүниежүзі аймақтары мен елдерінің географиялық және геосаяси жағдайын;
- басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;
- халық санының ұдайы өсу типтерін; дүниежүзінің және аса ірі елдер халқының саны, олардың өзгеру үрдістерін; елдердің даму деңгейі бойынша типологиясын;
- географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;
- өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;
- аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.