Химиотерапевтикалық дәрілер

 

Химиотерапевтикалық дәрілер-  жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттар.

Химиотерапевтикалық дәрілердің топтастырылуы:

  1. Антибиотиктер.
  2. Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалықдәрілер.
  3. Туберкулезге қарсы дәрілер.
  4. Вирусқа қарсы дәрілер.
  5. Паразиттерге қарсы дәрілер:
    1. Спирохетозға қарсы (мерезге қарсы) дәрілер.
    2. Саңырауқұлактарға карсы дәрілер.
    3. Карапайымдыларға қарсыдәрілер.
    4. Құрттарға карсы (гельминтке қарсы) дәрілер.

 

Химиотерапия  принциптері:

1.Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау; анықталған қоздырғыш микробқа қарсы препаратты таңдап тағайындау.

2.Емді дер кезінде бастау; ауру қоздырғышы белгісіз болса да кең спектрлы дәрілердің бірі тағайындалып, емдеу жүргізіледі.

3.Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып,  препараттың тиімді мөлшерін қабылдау; Мысалы бензилпенициллин дәрісінің әсер ету ұзақтығы 6 сағат. Сондықтан 6 сағат сайын тағайындалған келесі дәрі мөлшері қабылдануы тиіс.

4.Ауру белгілері жойылғанша және 2-3күн артығымен емдеу;Пациенттің жағдайы жағсарғанмен, ағзасындағы ауру қоздырғыштары толық жойылмаған болуы мүмкін.

5.Біріктірілген ем жүргізу (қоздырғыш түрлеріне қарай 2-3 дәріні қатар тағайындау);

6.Қажетті жағдайда аурудың алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау; Созылмалы ауруларда (ревматизм, т.б.) пациенттің ауруы қозбай тұрғанда, жыл сайын емдеу курсын жүргізу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *