Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі.
Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбиенің гуманистік парадигмасы, ақпараттық және білімдік ашық кеңістік, тәрбие үдерісі, тәрбиелік іс-әрекет, тәрбие жұмысы, технологиялық, құзыреттілік, аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлық тұлғалар, тәрбиенің бағыты.Тәрбие – мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылыдардың категориясы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасы. Ақпараттық және білімділік ашық кеңістік құрылымындағы тәрбие. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсмысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау. Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру.
Тәрбие үдерісінің мәні. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие үдерісі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс-жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.
«Тәрбие жұмысы» ұғымы, тәрбиенің көптүрлілігі және жүйелілігі. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі. Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және заңдылықтары.
Тәрбие жұмысындағы технологиялық, құзыреттілік, аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлық тұғырлар.
Қазіргі заман жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдықтарын анықтау. Тәрбие жұмысының бағыттары, рухани-адамгершілік, еңбек құқықтық, дене, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизм қалыптастыру, азаматтық және толеранттық.