Тәбетке әсер ететін дәрілер

 

Тәбет дегеніміз тамаққа қанағаттылық сезімі.

Тәбет қарын ашқанда пайда болады. Ол энергиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру керектігі туралы белгі. Бұл сезім белгісі гипоталамустан келеді. Гипоталамуста: ашығу орталығы және тойымдылық орталығы бар. Ашығу орталығын қуаттандырса ашығу сезімі пайда болып, адам тамақтануға ниеттенеді. Егер тойымдылық орталығын қуаттандырса ашығу орталығы қызметі тежеліп, керісінше тойымдылық сезімі пайда болады. Бұл екі орталық бір-бірімен байланысты.

Тәбетті қалпына келтіруге арнайы тәбет ашатын және тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер қолданылады.

1.1. Тәбет ашуға дәрілер және дәмдеуіштер қолданылады.Олар: Ащы жусан тұндырмасы, бақ- бақ, иір тамыры, жолжелкен, қызыл бұрыш тұндырмасы, желкен (хрен).

Дәмдеуіштер тілдегі сезім рецепторларын тітіркендіріп, асқазан сөлінің бөлінуін рефлекторлы көбейтеді. Бұл әсер ету механизміне ашығу орталығының қозуы себеп. Дәмдеуіштерді тамақтанардан 15-30 мин бұрын тәбетсіздікте қолданады.

Тәбет ашуға әсер ететін басқа дәрілер: ципрогептадин (апетиген, перитол),инсулин, дәрумендер, анаболикалық стероидтар, карнитин, апилак.

1.2. Тәбет жоятын дәрілер (анорексигенді- an-жоқ, orexis-тәбет) семіздікте (диета және қозғалыс белсенділігімен бірге) және гормонды бұзылыстардан болған семіздікте қолданылады. Анорексигенді дәрілер гипоталамустағы тойымдылық орталығын қуаттандырады.

Тәбет жоятын анорексигенді дәрілер: Дексфенфлурамин (изолипан), Фенфлурамин, Сибутрамин, Фепранон, Мазиндол, Орлистат, Дезопимон.

Жанама әсері: ауыз құрғау, диарея немесе іш қату, артериялық қысымның көтерілуі, ұйқысыздық, дәріге тәуелділік, үйреншіктік.

Қарсы көрсеткіштері: гипертония, жүктілік, жүрек қан тамырындағы және ми қан айналымы бұзылыстары, глаукома, психикалық аурулар, гипертиреоз.

Сибутрамин (Меридиа) тойымдылық сезімін арттырып, ас қабылдауға ниетті азайтады, қанда холестеринді, триглицеридтерді азайтады. Норадреналин көбейіп зат алмасу процесі артады, күш-қуат көбейген сезім береді.

Жанама әсері: терлеу, ісіну, тахикардия, үрей, ұйқы қашу, бас ауру, дәмді сезудің өзгеруі.

Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер

Сілекей бездерінің жұмысы холинергиялық жүйкелердің қозуына байланысты. Сілекей бөлінуін күшейтетін дәрілер холиномиметиктер: Пилокарпин, Карбахолин, Прозерин, т.б. Сілекей бөлінуін тежейтін дәрілер холиноблокаторлар: Атропин, т.б. Атропинді операция алдында премедикацияға сілекей безінің белсенділігін төмендетуге қолданады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *