Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер.
Эргометрин (спорыня) қара күйе саңырауқұлағынан алынады. Босанған соң қан кеткенде қолданады. Босануды қуаттандыруға қолданбайды, өйткені ұрықтың өміріне қауіпті тоникалық жиырылу болады. Дәрілік түрі 0,02%-1мл ампула, 0,0002г таблетка.
Эрготамин эргометрин сияқты әсер етеді. Эрготаминді мигреньде- бас ауырғанда қолдануға болады.
Қарсы көрсеткіші: жүктілік, атеросклероз, тромбофлебит, бүйрек, бауыр аурулары.
Каторнин миометрия тонусын жоғарылатады. Жатырдан қан кеткенде қолданылады. 0,05г таблетка түрінде шығарылады.