Мақсаты: су—электролит алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру.
Дәрістің жоспары:
- Организмдегі судың мөлшері. Судың секторларға бөлінуі. Организмнің су тепе-теңдігі туралы түсінік. Су тепе-теңдігі бұзылыстарының түрлері.
- Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі.
- «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.
- Ісінулер туралы түсінік. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамалары.
- Ісінудің клиникалық түрлері, патогенезі.
Дәріс тезистері
Ересек адамның организмінде дене салмағының –60%, жаңа туылғандардың – 80% судан тұрады.
Организмде судың бөлінуі:
- Жасуша ішінде 70%
- Жасуша сыртында 30% (тамырішілік су, жасушааралық су, организм қуыстарындағы су).
Су тепе—теңдігі – организмге түскен су мен шыққан су арасындағы тепе-теңдік. Су тепе-теңдігінің шамасы тәулігіне 2,5 л.
Су тепе-теңдігінің бұзылу түрлері (С.Т.)
Оң С.Т. – түскен судың шыққан судан басым болуы (ісінулер, сулану, сумен улану)
Теріс С.Т. – түскен судан шыққан судың басым болуы (сусыздану= гипогидратация = дегидратация)
Сусызданудың себертері
1) судың жеткіліксізтүсуі |
2) судың артық шығарылуы |
||
Төтенше жағдайлар |
организмдегі дерттік үрдістер: — өңештің тарылуы — кома — Шөлдеу сезімі болмауымен сипатталатын бас миы аурулары — Құтыру ауруындағы «судан қорқу» |
Су мен тұздың — құсу — диарея — полиурия — қансырау — аумақты күйіктер — қатты терлеу
|
Су — гипервентиляция — полиурия (қантсыз диабет) — гиперсаливация |
Сусызданудың патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)
- Изоосмолялды (изотониялық) – су мен электролиттерді бірдей деңгейде жоғалты
- Гиперосмолялды (гипертониялық) – суды артық шығару немесе оның аз түсуі
- Гипоосмолялды ( гипотониялық) — электролиттерді артық жоғалту (диарея, қайталанған құсу, қатты терлеу)
Сусызданудың патогенезі:
- Айналымдағы қан көлемінің азаюы
- Гипоксия
- Аутоуыттану
- Жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгеруі
- ҚСҮ өзгерістері
Гипергидратацияның патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)
- Гиперосмолялды — теңіз суын ішкенде, гипертониялық ерітінділерді енгізгенде
- изоосмолялды –физиологиялық ерітінділерді енгізгенде (ісінулер, сулану)
- гипоосмолялды – сумен улану
Сулану – сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуы (іш шемені, гидроторакс, гидроперикардиум)
Сумен уланудың патогенезі:
Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінде суды артық қолдану →жасуша сыртында судың →жасуша сыртында осмостық қысымның ¯Р осм. → судың жасуша ішіне енуі →
жасушаның ісінуі.
Ісіну – қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тін мен тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы.
Ісінудің патогенездік жайттары
Гемодинамикалық жайт |
Қылтамырлардың вена бөлігінде гидростатикалық қысымның артуы (сүзілу, резорбция¯) |
Онкотикалық фактор
|
Гипопротеинемия нәтижесінде қанның онкотикалық қысымының төмендеуі (гипоальбуминемиялар) |
Тіндік фактор |
Электролиттер, нәруыздар, зат алмасу өнімдері жиналуынан тіндерде онкотикалық және осмостық қысымның артуы |
Қантамырлық фактор
|
Қылтамырлар өткізгіштігінің артуы |
Лимфа ағып кетуінің қиындауы
|
Лимфалық тамырлардың тромбозы немесе қабынуы нәтижесінде, құрттармен бітелгенде, жоғары қуыс венасында қысым артқанда |
Жүйкелік-эндокриндік фактор |
Су – электролит алмасуының жүйкелік және гуморалды реттелулерінің бұзылуы, әлдостерон және диурезге қарсы гормонның түзілуінің артуы |
Ісінудің клиникалық түрлері
Ісінудің клиникалық түрлері |
Ісінудің негізгі патогенездік жайттары |
Жүректік ісіну |
Гемодинамикалық және эндокриндік факторлар |
Бүйректік ісіну Нефриттік
Нефроздық |
Жүйкелік -эндокринді және тамырлық(қылтамырлардың жүйелі зақымдануы) факторлар Онкотикалық (протеинурия ® гипопротеинемия) және нейроэндокриндік (АҚК¯® әлдостеронның) факторлар |
Бауырлық ісінулер |
Онкотикалық (нәруыз түзілуінің бұзылуы) және жүйке-эндокриндік ( әлдестерон әсерсізденуінің бұзылуы) факторлар |
Кахексиялық (ашығулық) ісінулер |
Онкотикалық фактор |
Қабынулық ісінулер |
Гемодинамикалық, қантамырлық, тіндік факторлар |
Аллергиялық ісінулер |
Тамырлық фактор |
Жүректік ісіну патогенезіндегі жүйке-эндокриндік жайттың маңызы
ҚМК¯
Бүйректе қанағымының азаюы көлемдік қабылдағыштардың тітіркенуі
¯
Ренин өндірілуі
¯
әлдостерон түзілуінің артуы →
бүйректе Na+ кері сіңірілуінің артуы → гипернатриемия → осмостық қабылдағыштардың тітіркенуі→ вазопрессин түзілуі → несептен судың кері сіңірілуінің → судың тіндерде тұтылуы (қуыстарда) → ісіну, сулану
Көрнекті материал:
- Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
- Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
- Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166-183.
- Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, – С. 42-52.
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.
- Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.
Қосымша
- Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.
- Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.
- Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.