Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер

Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер

Микоз- саңырауқұлақтардың әсерінен болатын аурулар.

Микоз түрлері:

Дерматомикоз— тері, шаш, тырнақты зақымдайтын саңырауқұлақтар.

Кандидомикоз— сілемей қабықша мен теріні зақымдайтын саңырауқұлақтар.

Жүйелі микоз— өкпе, бауыр, ми, асқазан, сүйек, буын, лимфаны зақымдайтын саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің әсері: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, фунгистатикалық және фунгицидті әсер көрсетеді.

Дәрілері:

1.Полиенді антибиотиктер:Нистатин, Леворин, Амфотерицин, Микогептин.

Қолданылады:АІЖ,тыныс алу жолдары,қынапты шырышты қабығы мен терінің кандидомикозында.

2.Имидазол және триазол туындылары: Кетоконазол (Низорал), Клотримазол, Флуканазол(Дифлюкан), Итраканазол (Орунгал). Қолданылады:Беткейлік және терең микозда.

3.Әр түрлі саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер: Гризеофульвин, Тербинафин (Ламизил), Нитрофунгин, Микосептин.

Қолданылады:Дерматомикозда, тері кандидозында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *