Психотропты дәрілер.
Психотропты дәрілер психика мен эмоцияға, көңіл- күйге ,мінез- құлыққа, ойлау қабілетіне әсер етеді. Жіктелуі:
- Нейролептиктер: Дроперидол, галоперидол, аминазин. Психоздарда қолданады. Дроперидол наркотикалық анальгетик фентанилмен бір шприцке алынып миокард инфарктісінде нейролептанальгезияға қолданылады.
- Транквилизаторлар (анксиолитиктер): Диазепам (Сибазон, седуксен, реланиум, валиум, брюзепам), нозепам, феназепам, элениум(хлозепид).
Жүйке тозуында, тынышсыздықта, тырысуларда қолданылады.
- Тыныштандыратын дәрілер(седативные): натрий бромді, калий бромиді, валериана, корвалол(валокордин), ново- пассит. Орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Жеңіл невроздарда, гипертониялық ауруларда, ұйқысыздықта қолданылады.
- Антидепресссанттар: амитриптилин,флуоксетин, имизин, ниаламид.
Күйзеліс кезінде қолданылады (көңіл- күйдің төмен болуы, тұнжырау, жабырқау болуы). Депрессия көңіл-күйдің төмен болуымен немесе үреймен, қозумен жүретін түрлері болады. Соған байланысты астениялық жағдайда қуаттандырғыш әсерлі антидепрессант(имизин, ниаламид), үреймен жүретін депрессияда тыныштандырғыш әсерлі антидепрессант тағайындалады.
- Психостимуляторлар:меридил, сиднокарб, сиднофен, кофеин. Орталық жүйке жйесіне қоздырғыш әсер етеді.Шаршауды басып, сергітіп, ұйқы мен тәбетті төмендетеді.
- Ноотроптар:Пирацетам(ноотропил), аминалон, энцефабол, натрий оксибутираты.
Есте сақтау және ойлау қабілетін күшейтіп, қалпына келтіреді. Атеросклерозда, инсульттан кейін, ми жарақатынан кейін, церобральды салдануда, энцефалопатияда(сөйлеу, ойлау, көңіл бөлу қабілеттерінің ауытқуларында), интоксикацияда қолданылады.
Наркотикалық анальгетиктер мен психотропты дәрілер қатаң есепте тұрады.
Нейролептикалық дәрі Аминазин тері арқылы сіңетіндіктен медицина қызметкерінде аллергия байқалуы мүмкін. Сондықтан аминазиннің теріге, сілемей қабаттарға жанасуын болдырмаған жөн. Жұмыс аяғында теріні сабынсыз, тұзды сумен жуады.
Тырысуға (құрысуға) қарсы қолданылатын дәрілер.
Әсері: ми ұлпасындағы эпилептогенді аймақтың қозуын төмендетеді.
Әр түрлі тырысуларда (құрысу-судороги), эпилепсияда қолданылады.
Дәрілері: Карбамазепин(финлепсин), фенобарбитал,диазепам (сибазон, седуксен), бензонал, натрий вальпроат, магний сульфат, тиопентал натрий.
Эпилепсия түрлері:
- Үлкен ұстама жағдайында байқалады: естен тану болып, клоникалық және тоникалық тырысу болып, бірнеше минуттан соң ұйқыға әкеледі.
- Кіші ұстама жағдайында байқалады: бет бұлшықеттері тырысып, бірнеше секундқа созылады.
- Психомоторлы ұстамада байқалады: есін біледі, бірақ өз қимылын бақылай алмайды.
Ұйықтататын дәрілер: Бас миының қыртысына өтетін импульстарды әлсіретеді. Ұйқы бұзылғанда, эпилепсияда қолданады.
Бензидазепин туындылары: нитразепам, феназепам, диазепам.
Барбитур қышқылы туындылары:Фенобарбитал(люминал), этаминал-натрий.
Ұйықтататын әсерлі басқа дәрілер:имован(зопиклон), золпидем, донормил.
Ұйықтататын дәрілердің мөлшері асса улану байқалады.
Ұйықтататын дәрілермен уланудағы көмек: белсендірілген көмір суспензиясымен асқазан шаю, іш жүргізетін тұзды ерітінділерді беру (магний сульфат), ағзаға түскен дәріні жылдам шығару үшін форсирленген диурез жүргізу, перитонеальды диализ жүргізу. Асфиксияның алдын алу шараларын жасау (тіс протезін шешу, тілқысқышпен тілін бекіту).Тыныс жеткіліксіздігі байқалса оттегін беру, қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізу.
Аналептиктер: ОЖЖ-ң барлық бөліктеріне қоздырғыш әсер көрсетеді. Тыныс алу орталығын қуаттандырады. Тыныс алу жеткіліксіздігінде, коллапста, шокта, наркоздан шығу кезеңінде, асфиксияда (тұншығу)қолданылады.Тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Аналептикалық дәрілер: Камфора, кордиамин, этимизол, бемегрид, кофеин.