ОЖЖ физиологиялық зерттеу әдістері. Электроэнцефалография. Хроно-рефлексометрия.
Жұлын қызметі. Бұлшықет тонусьгаың және фазалық қимылдардың жүйелік реттелу механизмдері. Алдыңғы және артқы түбіршіктердің қызметтері. Жұлынның сегменттік және сегмент аралық жұмыс істеу ұстанымдары. Рефлекторлық қызмет. Адам жұлынындағы проприоцептивтік рефлекстерді клиникалық зерттеу әдістері. Жұлынның өткізгіштік қызметі. Организмнің тірек-қимыл аппараты қызметін және вегетативтік қызметтерш реттеуде жұльшның ролі.
Артқы ми қызметтері. Сопақша ми және көпір. Сопақша ми лоне көпір орталықтары, олардың қызметтерді өзін-өзі реттеу үрдістеріне қатысуы. Өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер.
Ортаңғы ми және ретикулярлық формация құрылымдарының қызметтері. Ретикулярлық формацияның бас миының негізгі өткізгіштік жолдарымен байланыстары. Сенсорлық хабарларды өңдеуде, сергу және ұйқы үрдістерінде ретикулярлық механизмдердің ролі.
Аралық ми қызметтері. Таламус — афференттік жолдардың коллекторы. Гипоталамус — соматикалық, вегетативтік және эндокриндік қызметтердің интеграциясын қамтамасыз ететін, қыртыс асты вегетативтік орталық. Моти-вацияның (дәлелілердің), сезімдердің, стресстің, биоырғақтардың қалыптасуына гипоталамустың қатысу.
Мишық қызметтері. Мишықтың қыртыс асты тежеуші нейрондарының ролі. Вегетативтік қызметтерді реттеу үрдістерінде мишықтың қатысуы. ОЖЖ интегративтік қызметіндегі мишықтың орны.
Бас миының стриопаллидарлық және лимбиялық жүйелерінің қызметтері. Мотивацияның (дәлелілердің), сезімдердің, есте сақтаудың қальштасуында, вегетативтік қызметтердің жөне ОЖЖ интегративтік қызметтердің өздігінен реттелуінде лимбиялық жүйенің ролі.
Үлкен жарты шарлар қыртыстарының қызметтері. Қыртыста қызметтердің орналасуы туралы қазіргі тандағы көзқарас. ОЖЖ даму үрдісіндегі қызметтердің қыртыстану туралы көзқарас. Қыртыстың бағаналық ұйымы. Қыртыстың икемділігі (Э. А. Асратян). Адамдағы жарты шарлардың қызметтік асимметриясы.
Үлкен жарты шарлардың қыртыс қызметтерін зерттеу әдістері. Электроэнцефалография. Стереотаксистік әдіс.
Вегетативтік нерв жүйесінің физиологиясы. Соматикалық және вегетативтік нерв жүйесінің қызметтік ерекшеліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері. Жоғарғы вегетативтік орталықтар. Жалпы мінез-құлықтық актілердің қалыптасуы кезінде вегетативтік нерв жүйесінің қызметтер
интеграциясына қатысуы. Мінез-құлықтың вегетативтік компоненттері.
Қан физиологиясы
Қанның ретгеуші, тасьшалдаушы қызметтері. Қанның формалық эле-менттерінің қызметтері. Қан жүйесі туралы түсінік (Г.Ф. Ланг). Қан түзу, қан ыдырау үрдістері. Қан жүйесінің реттелуі. Эритроцштер. Гемоглобин. Эрит-роциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Лейкоцитгер. Тромбоциттер.
Адам қанының құрамы және көлемі. Қанның негізгі физиологиялық константалары. Гематокрит. Қан гемолизі, оның түрлері.
Қан топтары және резус-фактор. Гемостаз жүйесі. Қан ұю үрдісі, се-бептері, сатьшары және оның маңызы. Қан ұюға қатысатын негізгі факторлар туралы қазіргі таңдағы көзқарас. Фибринолиз. Қан топтары. Агглютинация туралы түсінік. Донор мен реципиенттің қан сәйкестігі негізгі ережелер. «Әмбебаб» донор және «әмбебаб» реципиент. Резус жүйесінің негізгі аген-ттері. Қан топтарын және резус — иелікті анықтау әдістері.
Ішкі секреция бездері
Гипоталамус — гипофизарлық жүйе. Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдастырылуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы. Гормондар-дың әсер етуінің негізгі механизмдері. Эндокриндік жүйенің өздігінен ретте-луі. Гипоталамус — гипофизарлық жүйе. Ішкі секреция бездерінің реттеуінде кері байланыс ұстанымы.
Ішкі секреция бездері. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі. ¥йқы безінің эндокриндік қызметтері. Бүйрек үсті бездері. Жыныс бездері.
Қан айналым физиологиясы
Жүрек, оның гемодинамикалық қызметі. Жүрек циклі және оның фаза-лык құрылымы. Франк — Старлинг заңы.
Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері және ерекшеліктері. Жүрек автоматизмі. Систолияльщ және қанның минуттық көлемі, жүрек ин-дексі. Гаскелла жүрек автоматиясьның градиенттік заңы.
Жүрек қызметінің реттелуі. Жүрек ішілік (интракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Жүрек сыртылық (экстракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Рефлексогендік аймақтар. Кезбе және симпатика-лық нервтердің жүрек қызметіне әсерлері. Жүректің гуморалды реттелуі.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністері. Жүрек қызметінің электрлік, ды-быстық, механикалық көріністері. Жүрек тондарының түзілу механизмі. Жүрек аускультациясы. Фонокардиография. ЭКГ физиологиялық негіздері.
Гемодинамика. Гемодинамика керсеткіштері. Шеткі қан айналым физиологиясы. Тамыр арналарының әр түрлі бөлімдерінің қызметтік сипаттамасы. Қан айналым жүйесінде қан айналымды әртүрлі бөлімдерде қамтамасыз ететін факторлар. Артериялық қысым қысым және оның түрлері (систолиялық, диастолиялық, пульстік). Қан қысымының мөлшерін анықтайтын факторлар. Қан қоры болып табылатын ағзалар.
Микроциркуляция. Капиллярлық қан айналым және оның ерекшеліктері.
Гемодинамикалық көрсеткіштерді және тамырлық реакцияларды зертгеу әдістері. Артериялық қысымды тәжірибеде және клиникада (тікелей, И.С. Коротков) өлшеу әдістері. Артериялық пульс және оның негізгі параметр-лері. Реография.
Қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе. Қан айналымның реттелуі. Клод Бернардың классикалық тәжірибесімен (қоян мойынындағы симпатикалық нервті кесумен) танысу. Қан қысым ретте-луінде кері байланыс ұстанымы. Базалды тонус және оның механизмдері. Тамырды тарылтатын және тамырды кеңітетін нервтер. Тамыр қимылын рет-тейтін орталық және оның орналасуы (А.Ф. Овсянников). Қан айналымын реттеуде рефлексогенді аймақтардың ролі (прессорлық және депрессорлық рефлекстер). Қан айналымының өздігінен реттелуін зерттеуде И.П. Павлов еңбегі. Қан айналымның гуморалды реттелуі.
Лимфа жүйесінің физиологиясы. Лимфа айналым жүйесінің қызметтік сипаттамасы. Лимфа ағысын қамтамасыз ететін факторлар, реттелу механиз-мдері.