Миометрияға әсер ететін дәрілер

 

Миометрия-  жатыр бұлшық еті.

Миометрияға әсер ететін дәрілер 3 топқа жіктеледі.

  1. Миометрия жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер.
  2. Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер.
  3. Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.

 

1.Миометрия жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер. (Утеростимуляторларлар)

Окситоцин тобы: окситоцин, питуитрон, простогландиндер, дезаминокситоцин. Окситоцин гипофиздің артқы бөлігінің гормоны.

Окситоцин миометрияны ырғақты жиырады, тонусын жоғарылатады. Жатыр окситоцинге жүктіліктің соңғы айларында, әсіресе босанар кезде сезімтал. Оның әсерін эстрогенді гормондар арттырады. Босанған соң әсері әлсірейді.

Утеристимуляторларының қолданылуы: миометрия әлсіздігінде, су кетіп қалғанда толғақ шақыру үшін, босанған соң жатырдан қан кеткенде.

1мл/5 ӘБ Окситоцинді 5%-500мл Глюкоза ерітіндісімен араластырып тамшылатын көк тамырға енгізеді.

Утеристимуляторларға қарсы көрсеткіш: ұрықтың көлденең немесе қиғаш орналасуы, әйелдің жамбасы тар болғанда, жатырдың жыртылу қаупінде, кесер тілігінен кейінгі жағдайда.

Окситоцин тек жатыр аузы ашық болғанда ғана қолданылады.

Питуитрин препараты гипофиздің окситоцин және вазопрессин  гормондарынан тұрады.

Артериялық қысымды жоғарылатады, антидиуретикалық әсері бар. Қолданылуы Окситоцин секілді.

Қарсы көрсеткіші: артериальды гипертензия, атеросклероз, миокардит, сепсис, тромбофлебит, жүктілік нефропатиясы. Дәрілік түрі: ампула 1мл/5ӘБ

Простогландин (Динопрост) миометрияға жүктіліктің барлық кезеңінде қуаттандырғыш әсер етеді. Жатырдың ашылуына да себепші. Дәрілік түрі 0,001 және 0,005 құрғақ стерильді ұнтақ. 5%-500мл-Глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлоридімен араластырып тамшылатын көк тамырға енгізіледі.

Майсана майы (Кастор майы) да жатырдың тонусын жоғарылатады. Майсана майы негізінен іш қатуда қолданылады. Жатырдың тонусын күшейтетіндіктен жүктілік кезінде іш жүргізуге қолдануға болмайды. Түсік болуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *