1.Сульфаниламидті препараттар
2.Нитрофуран туындылары
3.Хинолондар
4.Хиноксалин туындылары
Сульфаниламидті препараттар
А. АІЖ жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер :
а.Әсері қысқа сульфаниламидтер (8-12сағ.): Сульфацил-натрий, Стрептоцид, норсульфазол,Этазол.
б.Әсері ұзақсульфаниламидтер (24-48сағ.): Сульфапиридазин
с. Әсері өте ұзақсульфаниламидтер (65сағ.):Сульфален
Б.АІЖ нашар сіңірілетін сульфаниламидтер: Сульгин, Фталазол
С.Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидтер:
Ко-тримаксазол(Бисептол), Лидаприм
Сульфаниламидті препараттар химиялық құрылысы жағынан микроорганизмдердің өсуіне қажет фолиенді қышқылдың түзілуіне керекті пара-аминобензой қышқылына ұқсас. Сульфаниламидті препараттар микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Дәрі мөлшері жеткіліксіз болса тұрақтылық пайда болады.
Жанама әсерлері:Аллергия, диспепсия, кристалурия- бүйректе тас пайда болуы мүмкін (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, анемия, лейкопения, невриттер.
Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек және қан жүйесі қызметі бұзылулары.Микробқақарсы әсерін төмендететіндіктенсульфаниламидті препараттардыНовокаинмен бірге қолдануға болмайды.Себебі Новокаин сіңгенде пайда болатын метаболит-тердің бірі парааминобензой қышқылы сульфаниламидтердің антагонисті болып келеді.
Нитрофуран туындылары
Препараттары: Фурациллин, фуразолидон, фурадонин, фурагин.
Әсер етуі:РНҚ синтезін бұзады, цитоплазматикалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің синтезін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді.Кең спектрлі.
Хинолондар
I-буыны 8-оксихинолин туындылары: Энтеросептол, Нитроксолин(5-НОК).
Әсер ету спектрі кең,бактериоцидті. Микроорганизмдердің металға тәуелді ферменттік жүйесін жояды.
Энтеросептол құрамында галогені бар.
Қолданылуы:Ішек және несеп шығару жолдары инфекциясында.
Жанама әсері:аллергия, шеткерілік невриттер, көру жүйкесінің зақымдалуы, зәрдің қызыл-сары түске боялуы байқалады.
II—буыны:Налидикс қышқылы(Неграм), пипемидин қышқылы(Палин)
Грам(-) энтериобактерияларға, көкіріңді таяқшаларға әсер етеді.
Қолданылуы:Несеп шығару жолдарының инфекциялары, энтероколит, холецистит, отит ауруларында.
Бауыр және бүйрек қызметі бұзылуында, тыныс алу тежелуінде, жүктіліктің алғашқы 3айында,2жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Хинолондардың III-буыны фторхинолондар: Пефлоксацин (Абактал),Офлоксацин, Ципрофлоксацин(Сифлокс,ципролет).
Әсері кең спектрлі, бактериоцидті.
Бактериялардың ДНҚ қызметі мен құрылысын бұзып,ақуыз синтезін тежейді.
Хиноксалин туындылары
Дәрілері:Хиноксидин, Диоксидин.
Әсер ету спектрі кең, бактериоцидті. Улылығы жоғары және жанама әсерлері көп болғандықтан стационар жағдайында ересектерге ғана тағайындалады.
Қолданылады: ауыр іріңді қабынуларда, іріңді плеврит, өкпе абсцесі, перитонит, пиелоцистит, сепсисте.
Қарсы көрсеткіші: жүктілік (тератогенді және эмбриотоксикалық әсер береді).