Микробқа қарсы қолданатын заттар

 

  1. Антисептикалық және дезинфекциялық заттар.
  2. Химиотерпевтикалық заттар- адам ағзасындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарына кері әсер ететін дәрілер.

 

Микробқа қарсы заттардың әсері:

  1. Бактериоцидті әсер (cido- — өлтіру)- микробтарды өлтіретін әсер.
  2. Бактериостатикалық әсер(stasis — тоқтату) — микробтардың өсуін тоқтататын әсер.
  3. Кератолитикалық (грекшеден keratos- сүйел, мүйіз) әсер- сүйелденген өсінділерді жібітіп, жоятын дәрі әсері.
  4. Фунгицидті әсер- паразит саңырауқұлақтарға қарсы әсер.

Денатурация— ақуыздардың табиғи қасиеттен жартылай немесе толық айырылуы.

Микробқа қарсы дәрілердің әсер ету спектрі (микробтарды қамтуы) — кең немесе тар деп белгіленеді. Егер дәрінің әсер ету спектрі кең болса, онда ол дәрілік зат көптеген микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Егер дәрінің әсер ету спектрі тар болса, онда ол дәрілік зат жекелеген микроорганизмдерге ғана қарсы әсер етеді.

 

Антисептикалық және  дезинфициялық заттар.

Асептика (a- жоқ, septicas- шіру, ірің)– жарада, денеде микробтардың пайда болуының алдын алу шарасы. Асептикалық жағдай операциия жасайтын бөлмелерде, дәрі дайындайтын бөлмелерде жасалады.

Антисептика (anti- қарсы, septicas- шіру, ірің)– жарадағы, денедегі пайда болған микробтардың өсуін тоқтату және жою шарасы.

Дезинфекция-(des-керісінше, inficere- жұқпалану)- қоршаған ортадағы (бөлме,  киімдер, науқас күтімінде қолданылатын заттар, аспаптар) өсіп келе жатқан (вегетирующие) микроорганизмдер мен паразиттерді жою шарасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *