Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, оңтайлылық, құрылымдық, функционалдылық, интегративтілік, психологиялық ахуал, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық педагогикалық жүйе.
«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелі жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қаситеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық педагогикалық ашық жүйе.
Сыныптың тәрбиелік жүйесі – мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті (жүйе асты). Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.
Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П. Ивановтың тәрбиелік жүйесі («Жалпы қамқорлық педагогикасы»), А.С. Макаренко, Л.И.Новикова, В.А. Караковский, Н.Е. Щуркованың тәрбиелік жүйелері олардың сипаттамасы, В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғылымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.