Инфузиялық препараттар

Инфузиялық препараттар

Қанның маңызды қасиеттерінің бірі осмостық қысымы. Қандағы осмостық қысымның 60%-ы ас тұзы иондарына байланысты. Қанның  осмостық қысымына тең болғандықтан натрий хлорид ерітіндісі изотоникалық немесе физиологиялық ерітінді деп аталады (0,85-0,9%).

Қанның рН реакциясы да тұрақты көрсеткіш. Көктамырдағы қанның реакциясы рН 7,35-7,36, артерия қанында рН 7,4-7,42, жасуша ішінде рН 7,0-7,2. Қанда рН ұзақ уақыт 0,1-0,2 көрсеткішке өзгерсе адам өледі.

Инфузиялық терапия – парентеральды жолмен енгізіп, үлкен көлемде сұйық дәріні емге пайдалану. Инфузиялық сұйықтар су моншасында+380-+390 С жылытылып, минутына 40-120 тамшыдан 24-48 сағат аралығында құйылады.

Инфузиялық сұйықтардың жіктелуі:

  1. Плазмаалмастырғыш сұйықтар.
  2. Қышқыл-сілті тепетеңдігін реттеуде қолданылатын сұйықтар.
  3. Парентеральды тамақтандыруда қолданылатын сұйықтар.

Инфузиялық сұйықтар қолданылады: өте көп қан кеткенде, науқас ес– түссіз жағдайда болғанда, ас қабылдау мүмкіншілігі болмағанда, қан құрамының керекті заттарын толықтыру керек болғанда, дизентерияда.

  1. Плазмаалмастырғыш сұйықтар:
  2. Гемодинамикалық сұйықтар: Полиглюкин 6%, NaCl- 0,9%, Глюкоза 5%, Полифер, Венофундин.

Қолданылады: шокта, қан кеткенде, ағзада сұйқтық азайғанда.

  1. Дезинтоксикациялық сұйықтар: Реополиглюкин (Декстран – 40), Гемодез.

Қолданылады: микроцеркуляцияны жақсартуға, несеп шығуын ұлғайтуға, уытты заттардан қанды тазартуға.

  1. Ағзадағы қышқыл – сілті тепе–теңдігін реттейтін сұйықтар.

Ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылғанда ацидоз немесе алкалоз дамиды.

Ацидоз- қан құрамында қышқылдардың көбеюі.

Алкалоз – қан құрамында  сілтілердің көбеюі.

Ацидозда қолданылады: Натрий гидрокарбонат ерітіндісі 4%, Ацесоль, Дисоль, Хлосоль,Трисоль, Рингер сұйықтары. Трисамин сілтілі- буферлі ерітінді

Алкалозда қолданылады:  Калий хлорид 4% ерітінді, Аскорбин қышқылы 5% ерітінді.

  • Парентеральды тамақтандыруға қолданылатын сұйықтар:

Инфезол, Аминоплазмаль,Стабизол, Казеин, Рефортан, Липофундин, Желатиноль. Бұл дәрілердің  құрамында амин қышқылдары бар.

Қолданылады: асқазанға, ішекке, кеңірдекке операция жасағанда, травмадан кейін, күйгенде, тағы басқа тамақтана алмайтын жағдайларда. Күш-қуат беру үшін Глюкоза инсулинмен көк тамырға тамшылатып қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *