Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы

Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы.

Информатика – жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді. Оның дамуы ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналған құрылғылар ЭЕМ-машиналардың шығуымен байланысты. Ал ЭЕМ– тенологияның негізгі құралы. Бұл ғылым- ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған.

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

  1. «Алгоритм», «программа» ұғымы.

  2. Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.

  3. Оқылған тілде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.

  4. Әр түрлі операторларды жазу, т.б.

  1. Ақпарат дегеніміз не?Осы ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу қажет. Мұнымен Информатика деп аталатын ғылым айналысады.

Информатика –ақпарат алу,т жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерімен шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Информатика:

  • ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық;

  • ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін- семантикалық;

  • ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;

  • ғылыми-ақпараттық іс -әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

Информатика ұғым ретінде біздің өмірімізге берік енген, ғылыми-техникалық үдеудің синонимдердің біріне айналды. Бұл сөз ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында француз тілінде (information- ақпарат және automatioque- автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болады.

Ғылымның, техниканың және өндірістің көптеген салаларының одан ары дамуы ақпаратты өңдеудің сандық және сапалық мүмкіндіктерінің өсуін, адамның ақыл –ой әрекетінің артуын қажет етті.

Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі, оның нақты катализаторы- ЭЕМ мен қазіргі компьютерлік техниканы жасау негізгі рол атқарады.

Ғылым ретінде информатиканың құрылымында келесі салалар аталады:

  1. алгоритмдік,

  2. программалық

  3. техникалық

Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндер кешені болып табылады.

hello_html_m5b940eb2.gif











ЭЕМ-ны қолдану –тек ақпарат жинақтауға, сақтауға, өңдеуге ғана емес, жаңа ақпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ЖАТ) жасауға негіз болады.

ЖАТ ақпаратпен жұмыс істеудің белгілі сатыларын ретімен орындау.

Қазіргі компьютердің ерекшелігі – олардың көпшілігі есеп шығару үшін емес, ақпаратты алуан түрде өңдеу үшін қолданылатынында. Бұл –мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны тез шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.

Ақпарат және оның түрлері

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында информация жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі қандай болмасын – информация алу, жинау және өңдеумен байланысты.Қазіргі уақытта әр түрлі ғылым саласында мысалы: философия, экономика, психология, физика, математика, т.б. салалрында информация өте кең тараған ұғым. Әр ғылымның өз саласында информация туралы түсініктері қалыптасқан. Біз өмір сүріп отырған ғасырға – автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (ХУ ғасырдың ортасы) радиоқабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал транзистор мен интрегралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.

Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.

Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi — iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

  2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

  3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

  5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.

Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу

Ақпарат бағалы — егер ол толық, жаңа, обьективті болса. Ақпарат көлемі дегеніміз- хабар ұзындығы, яғни хабар жазудағы символдар саны.

8 Байт- 1 Битка

1 Кбайт – 1024 байт- 1000 байт

1 Мбайт – 1024 Кбайт – 1 миллион байт

1 Гбайт – 1024 Мбайт – 1 миллиард байт

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *