Икемдеу, ыңғайлау, оңтайлау, ықшамдау, ебдейлеу. Біреулерді бір іске бейімдеу, бір затты ұстауға қолайлы ету, жөнге келтіру.Оқиғаның беталысы бұларды өз ырқына икемдеп, ойынды шынға айналдырып жіберді (Қ. Жұмаділов). Төлеген домбырасын ыңғайлап отырды да, тартатын күйінің тарихын түсіндірді (Ә. Нұршайықов). Мен кетуге оңтайлатанда Ғалияш ты-пыршып, қалай тоқтатудың амалын таппай састы (Т. Ахтанов). Ол иектегі кішкене сақалды күн сайын тегістеп қырып ықшамдай түсетін еді, бүгін о да қырқылмаған (Б. Майлин). Қу түяқ, құлан шеке ебдейленіп, Күткендей үлкен жарыс, ұлы дуды (Қ. Жұмалиев).