Жүректің ишемиялық ауруларында және
ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер.
Антиангинальды дәрілер жүректің ишемиялық ауруларында қолданылады.Жүректің ишемиялық аурулары: Стенокардия (жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы), миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз, аритмиялар, жүрек жеткіліксіздігі.
- Нитраттар: Нитроглицерин (Nitroglycerinum) (Перлинганит) 0,0005таблеткада, 0,1%-10мл ампулада.
Нитросорбид (Изокет-Isoket, Кардикет) (Nitrosorbidum) 0,005/0,01таблеткада.
Изокет – 5мг, 20мг, 40мг, 60мг таблеткада; 0,1%-10мл ампулада. 15мл аэрозоль.
Эринит (Erynitum) 0,01г-0,02г. таблеткада, Нитронг (Nitrong), Сустак (Sustac)- 0,0026г.-Сустак мите, 0,0064г.-Сустак форте таблетка.
Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жүрекке жиырылу алдында түсетін күшті азайтады, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады.
Қолданылады: стенокардия ұстамасын емдеуде және алдын алуға, жіті миокард инфарктісінде, жүрек жеткіліксіздігінде.
Жанама әсері: бас ауру, гипотензия, рефлекторлы тахикардия.
- β-адреноблокаторлар: Анаприлин (Обзидан) (Anaprilinum)10мг-40мг таблеткада; 0,25% — 1ml ампулада. Атенолол, Метопролол (Корвитол), Бисопролол (Конкор) 5мг,10мг,20мг таб., Пропраналол.
Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС).
Жанама әсері: брадикардия, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, бронхоспазм, әлсіздік, қант диабетінің асқынулары.
Қолданылады: стенокардияда, аритмияда, асқынбаған миокрд инфарктісінде.Анаприлиннен бронхоспазм болатындықтан қолданбайды.
- Кальций арналарының блокаторлары: Верапамил (Verapamilum) (Изоптин), Нифедипин (Nifedipinum). (Коринфар Corinfar )), Амлодипин.
- Калий арналарының блокаторы: Амиодарон (Amiodoronum) (Кордарон-Cordarone).
Әсері: Жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС), артериялық қысымды төмендетеді, оттегі келуін жеңілдетеді, бронхыларды кеңейтеді, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады.
Жанама әсері: бас ауру, ыстық сезім, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, брадикардия, ісіну, іш қату.
Қолданылады: Нитраттар мен β- адреноблокаторлар көмектеспегенде, жүрек ауруы мен гипертониялық ауру қатар дамығанда, стенокардия мен аритмия қатар дамығанда.
- Миотропты жүрек артерияларын кеңейтетін антиагрегант дәрілер:Дипиридамол-Dipyridamolum (Курантил -Curantyl) 25мг; 75мг таблеткада. 0,5%-2мл ампулада, Предуктал 20мг таблеткада.
- Тітіркендіргіш, спазмолитикалық әсерлі дәрі: Валидол. Қосымша қолданылатын дәрі топтары: антиагреганттар, антикоагулянттар, гиполипидемиялық дәрілер, фибринолитиктер, жүректе метаболизмді жақсартатын дәрілер.
Миокард инфарктісінде қолданылатын дәрілер:
Жүректің ишемияланған аймағында тыртық (некроз) пайда болады. Миокард инфарктысы кезінде қатты ауырсыну, аритмия, қозғыштық, үрей, қорқыныш сезімі, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, артериялық қысымның төмендеуі болып, кардиогенді шок болуы мүмкін.
Қолданылатын дәрі топтары:
- Қатты ауырсынуды басуға:наркотикалық анальгетиктер: Морфин 1%-1мл амп., Фентанил 0,005%-2мл;
- Үрей, қорқыныш сезімін басуға:транквилизатор: Диазепам (Сибазон, Реланиум-Relanium) 5мг таб.; 0,5%-2мл;
- Жүрек ритмін реттеуге антиаритмиялық әсерлі жергілікті анестетик: Лидокаин 2% — 2мл амп.;
- Қанның ұюына қарсы:антикоагулянт: Гепарин (Heparinum) 5000 ӘБ – құтыдағы сұйық, Фраксипарин 0,3/0,6/0,8мл дайын шприцте;
- Тромбтарды ерітуге, қан сұйылтуға: антиагрегант: Аспирин (ТробоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил) 50,75,100мг таблеткада;
- Жаңа пайда болған фибриндерді ерітуге: фибринолитикалық дәрі: Стрептокиназа (Streptokinasa) 250000/500000ӘБ; Алтеплаза.
- Қан қысымы төмендесе: α- адреномиметик: Мезатон 1%-1амп.;
- қан қысымы жоғары болып, жүрек жмысы бзылысында: β — адреноблокатор: Атенолол 0,025/0,05 таб.;
- Жүрек тамырын кеңейтуге: нитроглицерин препараттары: Перлинганит 0,1%-10мл ампулада.;
- Қан жүрісін жақсартып, көлемін арттыруға: плазмаалмастырғыш сұйықтар: Натрий хлорид 0,9% ерітінді, Натрий гидрокарбонаты 4% ерітінді, Глюкоза 5% ерітінді;
- Гипоксияның алдын алып, тынысын реттеуге: Оксигенотерапия: оттегімен демалдыру;
Жіті коронарлы синдромда қолданылатын жиынтық:: аспирин-500мг, плавикс (клопидогрел)-300мг, беталок (метопролол)-1мг/мл, гепарин- 5тыс.ЕД/мл, изокет спрей, тропонил J- тест.
Ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер. Ми қан айналымының ауытқуларына байланысты неврологилық, психикалық ауруларда, атеросклерозда, көз және құлақ ауруларында белгіленеді.
Қолданылатын дәрілер:
1.Ноотроптар: Пирацетам (Ноотропил) 0,2/0,4 таб. 20%-5мл амп, Энцефабол 0,1-0,2 драже, 200мл суспензия, Аминалон 0,25таб.
2.Ми тамырларындағы қан айналымын жақсартатын әртүрлі дәрілер: Циннаризин (Cinnarizine) (Стугерон)25мг таб., Кавинтон (Cavinton) (Винпоцетин) 5/10мг таб; 0,5%-2мл амп, Нимодипин (Nimodipine) (Нимотоп) 30мг таб.; 10мг/50мл фл., Сермион 5, 10, 30мг таб.; 4мг флаконда еріткішімен, Танакан 40мг таб.; 40мг/мл- флаконда 30мл, Трентал (Trental) (Пентоксифиллин) 0,1/0,4 драже; 2% — 5мл амп., Церебролизин (Cerebrolysinum) 5%- 1мл бұлшықетке егуге; 5мл тамырға егуге, Актовегин (Actovegin) (Солкосерил-Solcoseryl) 80мг/2мл; 200мг/5мл, 400мг/10мл амп.; 5% крем, жағылма, 20% көзге жағатын гель; 0,2 драже, 10/20% -200мл инфузиялық сұйық, Цераксон 500/1000мг — 4мл бұлшықетке, көктамырға енгізуге; 30мл ішетін сұйық, Кортексин 10мг құрғақ зат ерітіп бұлшықетке салуға, Эуфиллин 0,15 таб.; 2,4% — 5мл амп, Никотин қышқылы 0,05 таб.; 1% — 1мл амп..