Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.
Дәріс жоспары:
- Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.
- Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.
- Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.
- Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.
Дәріс тезистері
Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) — аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
- Ауру дамуының алдында әсер етеді
- Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
- Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
- Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis — даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.
Көрнекті материал:
- Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
- Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
- Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.
- Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, – С. 17-22.
- Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
- Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Қосымша
- Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
- Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
- Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. — 1962. -176 с.
- Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 — 233.
- Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. — С.49 — 90.
- Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, — № 5,.с.114 — 117.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- Этиология анықтамасы, түсінік.
- Патогенез анықтамасы, түсінік.
- Патогенездегі негізгі тізбек.
- Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.