Жалпы фармакология- дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, сондай-ақ оларға әсер ететін факторларды және дәрілердің жанама, улы, әсерлерінің жалпы заңдылықтарын оқытады.
Фармокология дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасына назар аударады.
Фармакодинамика — (pharmacon-дәрі, dynamis- күш) – дәрілік заттардың әсерінің түрін, орнығуын, тиімділігін қарастырады.
Фармакокинетика – (kineo-қозғалту) –дәрілік заттардың енгізілуін, сіңірілуін, таралуын, өзгеруін, ағзадан шығарылуынқарастырады.
Дәрілік заттардың фармакологиялық топқа жіктелуі— дәрілердің физика-химиялық, фармакологиялық және басқа әсерлеріне қарай жүйелеу.
Дәрінің әсер түрлері
- Жүйеліәсер- дәрінің ағзаның барлық жүйесіне әсер етуі.
Мысалы: Адреналин қан тамырларға, бронхыға, жүрекке, ішектергебосаңсыту; жатырғатонусын көтеру; қандағы глюкозаның құрамын жоғарылату әсері бар.
- Жергілікті әсер — дәрінің енгізілген жерге әсер етуі. Лидокаин аэрозоль түрінде қолданғанда жергілікті әсер береді.
- Резорбтивті әсер- дәрінің қанға сіңіп барып әсер етуі. Лидокаин бұлшық еткеенгізілсе ол қанға сіңіп жүрекке әсер береді.
- Рефлекторлы әсер- дәрінің сезімтал жүйке ұштары арқылы әсер етуі (қыша қағазы, ментол, валидол таблеткасы, аммиак, бұрыш жапсырмасы,скипидар).
- Негізгі әсер- керекті ем үшін дәрінің берген әсері.
- Жанама әсер- асқынуға алып келетін қажет емес дәрі әсері.
- Тікелей (Мүшелік)әсер – дәрінің бір мүшеге әсер етіп, оның қызметін өзгертуі.Несеп айдайтын дәрілер бүйрекке, іш жүргізетін дәрілер ішекке, бронхолитиктер бронхыға ғана әсер етеді
- Таңдамалы әсер – дәрінің жекелеген ұқсас рецепторларға әсер етуі.
- Улы әсер- дәрінің мөлшерін асырғанда немесе уланғанда зақымдануға алып келетін әсер.Мысалы: Бүйрек ауруларында ағзадан дәрілердің шығуы азайып ағзада жиналады, содан ағзаға улы әсер береді. Жүрекгликозидтері 3-14 күнге дейін әсер беретіндіктен, ағзада жиналып, улы әсер көрсетеді.
- Тератогенді әсер- жүктіліктің алғашқы 3 айында қолданған дәрінің әсерінен ұрықтың зақымдануы.
- Мутагенді әсер- генетикалық бұзылыстарға, хромосомдық ауруларға әкелетін әсер.
- Ульцерогенді әсер- дәрінің асқазан ішек жолдарын зақымдауы, асқазан жарасына әкелуі.
- Канцерогенді әсер- дәрінің ісік ауруына әкелуі.
- Аллергиялық әсер- дәріні қайта қабылдағанда ағзада гистаминдердің бөлінуінен болатын патологиялық жағдай.
- Қайтымды әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның, жүйенің, мүшенің қызметі қалпына келеді.
- Қайтымсыз әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның қызметі қалпына келмейді.
Орфанды препараттар — өте сирек кездесетін ауруларды емдеуге және диагностикасына қолданылатын дәрілер.