Дәрінің мөлшері – 1 реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері.
Дәрі мөлшер түрлері: жоғарғы реттік мөлшер, жоғарғы тәуліктік мөлшер, соққы әсерлі(ударная) –қарқынды мөлшер, терапевтикалық мөлшер, улы(токсикалық)мөлшер, курстық мөлшер, ең жоғарғы көтерімді мөлшер, өлімге әкелетін (летальная-смертельная доза) мөлшер.
Жоғарғы реттік мөлшер — дәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1рет қабылдауға арналған дәрі мөлшері
Жоғарғы тәуліктік мөлшердәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1тәулік ішінде қабылдауға арналған дәрі мөлшері
Соққы әсерлі(ударная) –қарқынды мөлшер- пациент ағзасында инфекция өршіп тұрған уақытта (t жоғарылап, ауыр халде болғанда), микробтардыжылдам азайту үшін 2-4 есе артық берілетін доза.
Ең жоғарғы көтерімді мөлшер- пациенттің кейбір мүшелерін зақымдауға әкелетін, максимальды көтере алатын, өлімнен арашалайтын дәрі мөлшері (өлім мен өмір аралығында жатқан жағдайда қолданылады).
Терапевтикалық мөлшер— емдік әсер көрсететін дәрі мөлшері.
Улы(токсикалық)мөлшер- ағзаға зақым келтіретін дәрі мөлшері
Терапиялық кеңдік (т.к.)- ең төменгі терапевтикалық мөлшер (т.м.) мен ең төменгі улы мөлшердің (у.м.) аралығы. Осы мөлшер аралығы жоғары болса препараттың қауіпсіздігі төмен болады(мысалы: т.м=1,0болса, ал у.м =1,5 болса, т.к. 0,5 немесе т.м =1,0 ал у.м=5,0 болса т.к. 4-ке тең)
Дәрілік заттардың мөлшері:
1,0 – 1 грамм немесе 1000 мг
0,1 – 1 децеграммнемесе 100 мг
0,01 – 1 сантиграммнемесе 10 мг
0,001 – 1 миллиграмм
0,0001 – 1 децемиллиграммнемесе 100 мкг
0,00001 – 1 сантимиллиграммнемесе 10 мкг
0,000001 – 1 миллимиллиграммнемесе 1 мкг
Сұйықдәрілермиллилитрмен, граммен немесетамшымен көрсетіледі. Спирттер мен майлар миллилитр немесе граммен көрсетіледі. Жануарларда тексерілген дәрілер әсер бірлікпен (ӘБ) мөлшерленеді.
Қасық өлшемдері:
1ас қасық = 15мл 1мл су =20тамшы
1орта қасық = 10мл
1шай қасық = 5мл