Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі (реестрі) – ҚР тіркелген және медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты.
Дәрілік формуляр — денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейіні (профиль) ескеріле отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың тізбесі. Формулярлық жүйенің негізгі компоненттері:
Медициналық мекеменің дәрілік формуляры- мекеменің бөлімшелерінің бейініне, дәрілердің қажеттілігіне қарай құрылған дәрілер тізімі.
Формулярлық анықтамалық- медициналық мекемеде қолданылатын дәрілердің толық анықтамасы.
Диагностикалық және емдеу клиникалық хаттамалары- қандай ауруды емдеуге қандай дәріні, қанша мөлшерде, қанша мерзім қолданылуы туралы нұсқау.
Дәрілік заттың сәйкестік сертификаты –дәрілік заттың техникалық регламенттер, стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетіндігін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат.