Дәрілерді енгізу жолдары

 

       1) Энтеральдыенгізу —  асқазан ішек жолдары арқылы:ішуге-перорально, тіл астына –сублингвально, тік ішекке- ректально.

   2) Парентеральды енгізу-  асқазан ішек жолдарына түсірмей- теріні зақымдап: тері ішіне (т/і), тері астына (т/а),  бұлшық етке (б/е), көк тамырға (к/т), артерия ішіне, жұлынға (субарахнаидально)

   3) Сыртқа қолдану: компресс, жағылма жағу, тамшы тамызу, ұнтақ себу (сеппе-присыпка), өңдеп жуу, ингаляциямен.

 

Дәрілердің ағзадан шығу жолдары: зәрмен  бүйрек арқылы, өкпе, бауыр арқылы, өтпен, АІЖ, сілекей, тері, бронх, сүт, жас бездері арқылы.

Дәріге әсер ететін факторлар: адамның жасы, салмағы, жынысы, сезімталдығы, паталогиялық жағдайы, тәуліктік ритм және қоршаған орта, ағзада улы заттардың жиналуы, темекі шегу, ішімдік, биологиялық белсенді заттар.

 

Дәріні қайта қабылдағанда байқалатын жағдайлар:

  1. Дағдылану- үйреншіктік.

2.Кумуляция (жиналу).Мысалыұзақ әсерлі жүрек гликозидтері бүйрек бауыр қызметі дрыс болмаса ағзадан уақытылы шықпағандықтан жиналып, улану болуы мүмкін.

  1. Дәріге тәуелділік. Наркотиктерге болады.
  2. Тахифилаксия- улы заттарға ағза сезімталдығының нашарлауы, дәріге тез үйрену (дәріге немесе алкогольге).
  3. Сенсибилизация- тітіркендіргіш дәріге немесе аллергенге ағзаның жүйке ұштарының сезімталдығының күшеюі.

Абстиненция синдромы— тиылу,ұстану, тежелу дегенді білдіреді. Қабылдап жүрген дәріні доғарғанда болатын ағзадағы ауытқулар (шайды ішіп жүріп, ішпей қойса біраз уақыт бас ауруы мүмкін). Доғару синдромы мен психикалық тәуелділік арасындағы ағымды өзгерістер: жайсыздық,  физикалық- соматикалық бұзылыстар, өмірге  керекті негізгі қызметтің бұзылуы.

Идиосинкразия – ағзаның кейбір дәрілерге, тағамдарға ерекше сезімталдығы, реакциясы.

Полипрагмазия— емделушіге бірнеше дәріні бірмезетте тағайындау.

Доғару синдромы– ұзақ уақыт қабылдап жүрген дәріні кенеттен доғарғанда(наркотикалық дәрілер, кейбір гипотензивті дәрілер) болатын өзгеріс.  Мысалы: гипотензивті дәрі Клофелинді қабылдап жүріп, кенеттен доғарғанда -гипертониялық криз немесе гормондарды беруді кенеттен доғарғанда ішкі бездердің қызметінің бұзылуы болады.

 

Дәрілерді қиыстырып(біріктіріп) қабылдағандағы әсерлер:

Синергизм – бір дәрі екінші дәрінің әсерін күшейтуі

Антагонизм – бір дәрі екінші дәрінің әсерін әлсіретуі (морфинге антагонист налорфин)

Антидотизм -химиялық немесе физико –химиялық әсермен дәрінің әсерінің жойылуы немесе бейтараптануы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *