Гипотензивті дәрілер.
Гипотензивті дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді.
Артериялық гипертензияда симпатикалық жүйке жүйесінің жұмысы көбейіп, жүрек жұмысының жиілеп артуы қан тамырларының жіңішкеруіне алып келеді. Артериялық қысымның көтерілуіне ағзада натрий иондарының көбеюі себеп. Бүйрек шумақтарында ренин клеткалары түзіліп Ангиотензин І-дің пайда болуына әсер етеді. Одан ол Ангиотензин ІІ-ге айналады және тамырларды тарылтып артериялық қысымды жоғарылатады.
Артериальды гипертензия — артериялық қысымның сынап бағанымен 140/90 мм көрсеткішінен тұрақты жоғарылауы. Елімізде халықтың 15-25%-ы артериалды гипертензия ауруымен ауырады.
Систолалық қысым сол жақ қарыншаның жиырылу кезіндегі қан көлеміне, қанның айдалу жылдамдығына, аортаның созылғыштығына (эластичность) байланысты.
Диастолалық қан қысымы жалпы шеткері тамырлардағы кедергіге (сопротивление), жүрек жиырылуының жиілігіне байланысты.
Артериалды гипертензия келесі аурулардың қауіп- қатер факторы болып есептеледі: жүректің ишемиялық ауруы, ми инсульты, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі.
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының топтастыруы бойынша артериальды гипретензия ауруы 3 дәрежеге бөлінеді.
- дәреже систолалық қысым с.б.140-159мм,диаст-қ қысым с.б.90 -99мм
- дәреже 160-179мм 100-109мм
- дәреже 180мм- ден жоғары 110мм-ден жоғары.
Алдымен бірінші дәрежелі артериалды гипертензияда салауатты өмір салтын қалыптастыруға кеңес беріліп, оны қадағалау қажет. Артериялық қысым өте жоғары болғанда оны бірте-бірте төмендету қажет.
Емдеу барысында артериялық қысымды төмендету қажет:
- Бүйрек жеткіліксіздімен ауыратындарда с.б.120/70мм
- Қант диабетімен ауыратындарда с.б. 130/85мм
- Басқаларында с.б. 140/90мм
Әсер етуіне қарай гипотензивті дәрілер келесі топтарға бөлінеді :
- Нейротроптыгипотензивті дәрілерсимптоматикалық жүйке жүйесінің белсенділігін төмендетеді.
1.1Орталық әсерлі гипотензивті дәрілер: Клофелин (Clophelinum) 0,00015; 0,000075 таб.0,01%1мл амп.; 0,0125/0,025/0,5 % көз тамшысы, Метилдопа (Methyldopa) 0,25 таб.
Тамыр қозғалтқыш орталығының α2 -адренорецепторын қоздырып, орталық жүйке жүйесінен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді.
1.2.Ганглиоблокаторлар: Бензогексоний (Benzohexonium) 0,1-0,25 tab.; 2,5% амп., Пентамин (Pentaminum) 5% — 1-2ml.
Симпатикалық және парасимпатикалық вегетативті түйіндердің
Н-холинорецепторларын бөгейді.
1.3.Симпатолитиктер: Резерпин (Reserpinum) 0,0001/0,00025 таб.; 0,25%-1мл амп, Октадин (Octadinum) 0,025 таб.
Жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады.
1.4. β -адреноблокаторлар: Анаприлин 10/40мг таб.; 0,1% -1/5мл амп., Атенолол 25/50/100мг таб., Метопролол, Конкор(Бисопролол) 5/10/20мг таб.
β 1-адренорецепторларды тежеп, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшықетінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді.
- α -адреноблокаторлар: Празозин 1/2/5мг таб., Доксазозин (Кардура), Теразозин.
Артерия мен венаны кеңейтіп, жүрекке келетін венозды қан қысымын төмендетеді, жүрекке түсетін күшті төмендетіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді.
2.Ангиотензин-2 тежегіші (ангиотензинге алмастырғыш ферменттің ингибиторы- ИАПФ)
Әсері: артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрек жиырылуынан кейінгі күшті (постнагрузка) және жүрекке келетін веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатады.
Дәрілері: Каптоприл (Капотен) 0,0125/0,025/0,05мг таб., Эналоприл (Энам, Энап) 2,5/5/10/20мг таб.; 0,125%-1мл амп., Диротон (Лизиноприл) 2,5/5/10/20мг таб, Престариум 4мг таб., Козаар (Лозартан), Теветен 0,6таб.
3.Миотропты спазмолитиктер: Диазоксид (Diazoxide) 1,5%-20ml, Натрий нитропруссиді, Апрессин 10/25мг таб., Магний сульфат 20/25% -5мл амп., Дибазол 0,02 таб.; 1%-1/5мл амп., Папаверин 10/40мг таб.; 2% — 2мл амп., Но-шпа 40/80мг таб., 40мг/2мл амп.
Тамырлардың бұлшықеттерін босаңсытып, қысымды төмендетеді.
- Диуретиктер(Зәр айдайтын дәрілер). Жүрек, бүйрек, бауыр ауруларында денеде ісіктерді азайту үшін ,өкпе және ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда, артериялық гепертензияда қан қысымын төмендетуге қосымша дәрі ретінде қолданылады.
Ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, натрий, хлор, калий иондарының қайта сіңірілуін (реабсорбция) төмендетеді.
4.1.Тиазидті және шумақты диуретиктер. Бүйрек арнасы эпителиіне әсер етеді. Нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді.
Дәрілері: Дихлотиазид (Dichlothiazidum, Гипотиазид-Hypothiazid) 25/100мг таб., Фуросемид (Furosemidum, Лазикс-Lasix) 40мг таб.; 1% — 1/2мл амп,Этакрин қышқылы (Acidum etacrynicum, Урегит-Uregit) 0,05 таб., Индапамид.
4.2. Калийсақтаушы диуретик (Альдостерон антогонисті).
Әсері: гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басады.
Альдостерон бүйрек үсті безінде түзілетін гормон.
Дәрілері: Спиронолактон (Spironolactonum) (Верошпирон) 0,025/0,05/0,1таб, Триамтерон (Triamteronum) 50мг капсулада.
4.3.Осмостық диуретиктер:Маннит (Mannitum) 15% — 200/400мл, Мочевина (Urea pura) 30/45/60/90г қтыда еріткішімен бірге.
Әсері:Бүйрек арналарында, қан плазмасында осмостық қысымды жоғарылатып, судың реабсорбцияын (қайта сіңірілуін) төмендетеді.
4.4.Карбоангидраза ингибиторы: Диакарб (Ацетазоламид) 0,25 таб.
Әсері: нефронда карбоангидраза ферментінің белсенділігін тежеп, натрий және бикарбонат иондарының несеппен шығуын күшейтеді. Көзішілік, бас ішілік қысымды төмендетеді.
5.Біріктірілген гипотензивті дәрілер:
Адельфан (құрамы: Резерпин + Дихлотиазид + Дигидралазин),
Энап Х (құрамы: Эналоприл+Дихлотиазид),
Капозид (құрамы: Каптоприл+Дихлотиазид).
Артериальды гипертензияда қосымша қолданылатын дәрі топтары:
- Шеткері вазодилитаторлар: нитроглицерин, апрессин, натрий нитропруссиді;
- Антитромбоцитарлық терапияға аспирин 75мг, варфарин;
- Гиполипидемиялық преапараттар: аторвастатин, симвастатин, ловастатин;
- Эклампсияда магний сульфаты 400-1000мг көктамырға баяу немесе 0,9% -200мл натрий хлоридімен араластырып енгізуге;
- Ауырсыну мен ентігу болса морфин 1%- 1мл-і 0,9% -20мл натрий хлоридімен араластырып көктамырға тамшылатып енгізіледі.
- Симпатолитиктер: клонидин, метилдопа.
Гиполипидемиялық дәрілер тамырдың ішкі қабықшасындағы жабысқан май тәрізді заттардың (липидтер мен холестерин) таралуына әсер әтеді және пайда болуын тежейді.Жүректің ишемиялық ауруында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады.
Қолданылатын дәрілер: Симвастатин 5/20/40мг таб., Атарвастатин (Азтор), Клофибрат, Пробукол, Никотин қышқылы 0,05 таб.; 1%-1мл амп..