Вирусқа қарсы дәрілер:
Вирус латын тілінде у дегенді білдіреді.
1.Тұмауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер:Ремантадин, Оксолин, Арбидол, лейкоцитарлы интерферон
2.Ұшықты зақыдануда қолданылатын дәрілер: Ацикловир (Зовиракс, Виролекс). Әсері:Вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.
3.Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер:Ганцикловир.Әсері:ДНҚ вирусының синтезін бұзады.
4.Иммунотапшылық вирусына әсер ететін дәрілер: Зидовудин. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсері:АИТВ протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді.
- Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон.
- Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон-альфа, Реаферон.
Вирусты жұқпада қолданылатын жиынтық: тамифлю- 75мг капсула, аспирин-500мг, оксалин жағылмасы 0,25%, градусник, бетперде- маска одноразовая.
Мерезге қарсы (сифилиске- спирохетозға қарсы) дәрілер
Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер, мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп, спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Мерезді емдеуде қосымша Цефалоспориндердің I және III буыны, макролидтер, тетрациклиндер қолданылады. Бірақ олардың тиімділігі төмен.
Висмут препараттары: Бийохинол, Бисмоверол.
Әсері:бактериостатикалық, микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді тобын тежейді.