Ас қорытуда асқазан сөлі мен ұйқы безі сөлінің маңызы зор. Асқазанға түскен ас, асқазан сөліндегі тұз қышқылымен зиянды заттардан тазарып, асқазан бұлшық еттерінің жиырылуымен араласып, әрі қарай ішекке өтеді. Асқазан бездерінің құрамы мен сипаты әртүрлі. Асқазанның негізгі жасушаларынан пепсиноген, париетальды жасушаларынан HCl, қосымша жасушаларынан муцин бөлінеді. Тәулігіне шамамен 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді.
Аш қарындағы тұз қышқылының қышқылдығы рН≈ 4,0.
Ас қорыту барысында қышқылдық рН≈ 1,5-1,8-ге барады. Асқазан сөлінің негізгі компоненттері: HCl, су, тұздар (-Cl, -SO4, фосфаттар, биокарбонаттар) және ферменттер, пепсиндер (8 түрлі). Пепсиндер тұз қышқылының әсерінен пепсиногеннен пайда болады. Асқазанда тағы ферменттер: липаза, лизоцим, муцин бар. Липаза мен лизоцим микробтарға қарсы әсер етеді. Муцин асқазанның кілегей қабығын зақымданудан қорғап, асқазан сөлімен асқазанның өзін қорытудан сақтайды. Асқазандағы қышқыл заттар 12 елі ішекке түсіп, өт бөлінуіне және ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпал етеді (қуаттандырады).
Ферменттер: пепсин мен трипсинақуыздардықорытып, ыдыратады, амилаза көмірсулардықорытып, ыдыратады, липаза майларды қорытып, ыдыратады.
Асқазанда секреция төмендегенде қажетті ферменттер ішектен, ұйқы безінен дұрыс бөлінбейді. Сондықтан ас қорыту қызметі бұзылып, асқазан микроорганизмдер мен зиянды заттардан тазармай, олар ішекке, өт қабына, ұйқы безі түтіктеріне енеді. Осыған байланысты өт қабының қабынуы (холецистит), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), асқазан кілегей қабығының қабынуы (гастрит), ащы ішектің қабынуы (энтерит) болады және ішектің жылжыту-жиырылу қызметі бұзылады (іш өту, іш қату).