Асептика (a- жоқ, septicas- шіру, ірің)– жарада, денеде микробтардың пайда болуының алдын алу шарасы. Асептикалық жағдай операциия жасайтын бөлмелерде, дәрі дайындайтын бөлмелерде жасалады.
Антисептика (anti- қарсы, septicas- шіру, ірің)– жарадағы, денедегі пайда болған микробтардың өсуін тоқтату және жою шарасы.
Дезинфекция-(des-керісінше, inficere- жұқпалану)- қоршаған ортадағы (бөлме, киімдер, науқас күтімінде қолданылатын заттар, аспаптар) өсіп келе жатқан (вегетирующие) микроорганизмдер мен паразиттерді жою шарасы.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
№ |
Топтары |
Әсері |
Заттар |
1 |
Галогендер |
Құрамындағы белсенді хлор немесе йод микроб жасушасын денатурациялап, жояды. |
Хлор ұнтағы, Хлорамин Б, Хлогексидин 0,02%, Де-хлор табл, Сульфохлорантин, Йодтың спиртті ерітіндісі 2-5%, Йодинол, Люголь ерітіндісі, Бетадин, Повидон-йод, Дезэффект сұйық, Хлорэффект таблетка |
2 |
Фенол туындылары |
микроорганизмдердің ферментативті белсенділігін бөгеп, ақуызды денатурациялайды |
Фенол 3%, 5%; Қайыңның қара майы (Деготь), Ихтиол, Резорцин 2%, 5% |
3 |
Альдегидтер және спирттер |
микроб жасушасы протоплазмасын сусыздандырып, микроб ақуызын коагуляциялап (ұйытып)жояды. |
Этил спирті 95% (күйген жара жууға, аспаптарды дезинфек-циялауға),70%-(қол жуу, тері сүртуге), 40%-(компреске), Формальдегид (формалин) 0,5-1%, Лизоформин, Гексаметилентетрамин (Уротропин) |
4 |
Бояғыштар |
грамм-оң кокктарға әсер етеді |
Бриллиантты жасыл 1-2%, Метилен көгі 0,02%,Этакридинлактаты (Риванол)1:500 |
5 |
Тотықтырғыштар |
Атомарлық (KMnO4) және молекулярлық (Н2О2) оттегі бөлініп микроб жасушасының ферменттік жүйесі мен протоплазма ақуызының тотығу-тотықсыздану процестерін бұзып ыдыратады. |
Калий перманганаты ерітіндісі 0,01-0,1%,2-5%, Сұйылтылған сутегі асқын тотығы ерітіндісі (Перекись водорода) 3%- жара жууға, Пергидроль 6 -27% күйдіргіш сұйық (дезинфекция-лауға және 3% ерітінді дайындауға пайдаланады) қолданғанда қолғапкию керек |
6 |
Нитрофуран туындысы
|
ақуыздың синтезін бұзып, хелаттар түзеді (металмен қосылыс) протоплазмада тотығу процестерін күшейте-ді, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизм-дерге, қарапайымды-ларға әсері күшті |
Фурацилин ерітіндісі 0,02% (1:5000), 0,2% жағылма, 0,02г таблетка |
7 |
Қышқылдар мен сілтілер |
Микроб жасушасының протоплазмасының ақуызын денатурациялайды |
Мүсәтір спирті ерітіндісі 10% (аммиак), Салицил қышқылы, Бор қышқылы ерітіндісі 2-3%, Бензой қышқылы |
8 |
Ауыр метал қосылыстары |
микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді (SH- тобы)топтарын байланыстыру арқылы белсенділігін жойып, зат алмасуын бұзып микроб жасушасының өсуін тоқтатады |
Күміс нитраты ерітіндісі, Протаргол, Колларгол, Сынап дихлориді (Сулема), мырыш сульфаты, Мыс сульфаты, Висмутты заттар: Ксероформ, Дерматол |
9 |
Детергенттер |
антисептикалық және жуғыш қасиет көрсетеді. |
Церигель, Дегмецид, Роккал ерітіндісі 0,1-0,025%, Мирамистин ерітіндісі 0,01%, Сұйық сабындар |
Стерилизация— микробтарды ұрықтарымен физикалық-химиялық әдістермен жою шарасы.
Дезинсекция— жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жәндіктерді (бит, сірке, т.б) жою шарасы. Бұл заттар дезинсекцидті заттар деп аталады.
Дератизация— кеміргіштерді (тышқан, қосаяқ, егеуқұйрық, т.б.) жою шарасы .
Антисептик— жарадағы, денедегі пайда болған микробтарды жоятын заттар.
Дезинфекциялық зат(дезинфектант) — қоршаған ортадағы микрорганизмдерді жоюға қолданылатын заттар. Бұл заттар концентрациясына байланысты антисептикалық немесе дезинфекциялық әсер көрсетеді. Мысалы, сутегі асқын тотығының 3%-ы антисептикалық және дезинфекциялық зат ретінде, ал 6-27-33% дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі жараларды өңдеуге және аспаптарды, бөлмені дезинфекциялауға қолданылады, ал 6% дезинфекцияға және стерилизацияға қолданылады. 27% Н2О2 концентрациясы төмен 3%- 6% ерітінділерді дайындауға қолданылады.
Хлораминнің 0,5%-ы антисептик ретінде қол жууға, жара өңдеуге қолданылса, 1%- тек дезинфекцияға, 3%- 5% қауіпті инфекциялардың дезинфекциясына қолданылады.
Дезинфекциялық заттар ағзаға улы әсер беретіндіктен оларды қолданғанда сақтық шараларын ескеру керек. (хл ұнтағы, формалин, фенол, 27% Н2О2)
Антибактериальды табиғи препараттар: бактериостатикалық және бактериоцидті әсер көрсетеді. Тұнба, тұндырма, қайнатпа, таблетка, шырын түрінде қолданылады.
Calendula-Қырмызыгүл препараттары: тұнба, тұндырма түрінде.
Chamomilla Түймедақ препараттары: ромазулан, тұнба, тұндырма.
Eucalyptus — Эвкалипт препараттары: хлорофиллипт, эвкалипт майы, тұндырма. Пертуссин, Ингалипт, Эвкамон дәрілерінің құрамына кіреді.
Salvia — Жалбыз (шалфей) препараттары: Сальвин, тұнба, тұндырма.
Calanchoe- Каланхоэ шырын, жағылма түрінде қолданылады.
Hypericum- Шайқурай (зверобой) тұнба, тұндырма түрінде қолданылады.
Allium sativum- Сарымсақ пен Allium cepa- пияз тұнба түрінде және Аллилчеп — пияздан алынған препарат.
Апатты жағдайда қолданылатын жиынтық: спирт 70%-50мл, калий перманганаты 0,02г ұнтақ, дистилденген су-200мл, сульфацил– натрий ерітіндісі (альбуцид)30%-10мл, йод 5%-20мл, бинт, мақта, жапсырма- лейкопластырь, хирургиялық қолғап, саусақ қалта -напальчники.