Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады.
Белгілі антивирустық программаларды бірнеше топтарға бөлуге болады.
Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.
Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вирус пен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды “емдейді” де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалыпты келтіре отырып , файлдардан вирус программаласының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды “емдеуге” кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – Д.Лозинский, Skan, Norton AntiVirus және Doctor Wep жасаушысы- И.Данилов программалары болып табылады.
Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есінде сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған ADinf ревизор-программесы кең таралған бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың активтілігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.
Фильтр-программалар немесе “күзетшілер” – ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, “күзетші” хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасыздандыратын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады.
Мұндай құрылғыға Ю.Фомин жасаған Sheriff палатасы мысал болып табылады.
Тағы комплексті алдын алу (профилактикалық) қорғау шараларын қолдану керек, мысалы, төмендегідей:
-
резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;
-
зақымдалуы ықтимал кездейсоқ “заңды өнім болып табылмайтын” ұрлық программаларды қолданбау;
-
дисктерден файлды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;
-
антивирустық программа дискетте сақталуы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдалуы мүмкін;
-
компьютерді үнемі вирусқа тексертіп отырыңдар!