АНТИБИОТИКТЕРДІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Антибиотиктер микроорганизмдердің өсуін ,өсімдіктер мен жануарлармен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді.Антибиотиктер ауруларға қарсы күрес жүргізу кезінде,адам денесіндегі пайдалы бактерияларға зиянын тигізеді.Антибиотикті шамадан тыс,тым көп қолдану адам денсаулығына ұзақ уақыт кері әсерін тигізеді.

       Бактериялар-тамыр және жасушалардың (клетка) дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.Иммунитет үшін керекті ферменттердің пайда болуын қадағалайды.Асқорыту жүйесінде жұмыс жасайтын бактериялардың көбі,денедегі гормондық тепе-тендікті сақтап тұрады.Антибиотик дәрілері үздіксіз қолданылған кезде,пайдалы бактериялар өзгеріске ұшырайды да,зиянды бактерияға айналады. Нәтижесінде денедегі гормондық тепе-теңдіктің болмауы және ас-қорыту сияқты проблемалар мазалай бастайды.Осындай  ауру-сырқаттарды тұғызбаудың бірден-бір жолы антибиотиктерді мүмкіндігінше аз пайдалану.Тек ауру нақтылы белгілі болған жағдайда және дәрігердің кеңесімен,антибиотик қолданудың зияны болмайды.

15-16 ғасырларда халық медицинасында пайдаланатын іріңді қабыну ауруларында көгерткіш саңырауқұлақ пайдаланатын. Louis Pasteur (Луи Пастер) 1877 жылы ең алғашқы антибиотик болған пенициллин дәрісін ойлап тапқан кезде былай деген:«Біз бұл дәрінің көмегімен талай ауруларды жеңеміз.Бірақ,пайдалы бактериялардың адам денсаулығы үшін маңызы өте зор екенін ұмытпауымыз керек» деген. 1929 жылы антибиотик туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған ағылшын ғалымы А.Флеминг.

Кейін пенициллин таза түрінде алынды, бұны алғаш рет 1940 жылы ағылшын ғалымдары Флори мен Э.Чейн, ал кейін бұлардан бөлек 1942 жылы совет ғалымдары В.Ермалаева мен Т.И.Балезина зертттеген. Антибиотиктердің пайда болуымен қатар микробтардан пайда болатын белгілі ауруларды нәтижелі емдеу мүмкіндігі пайда болды.

Көптеген халық арасында бұл антибиотиктер әмбебап (жан-жақты )болып табылмайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіне белгіленген , өзіне сезімтал микроорганизмдерге әсер береді. Мысалы: цефазолин(цефалоспорин антибиотиктерінің қатары), өкпенің қабынуына, сепсиске, терінің іріңді ауруларына, қатаралды баспаға және басқа іріңді ауруларға жақсы әсер етеді.

Левомицетин және тетрациклин ішек ауруларына жақсы әсер береді, ал вирусты ауруларға,тұмауға, сары ауруға келетін болсақ, бұл антибиотиктер мүлдем әсер етпейді. Антибиотиктердің  әрқайсысының әсер ету қасиетін тек қана емдеуші дәрігер анықтай алады. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрлері бар, бірақ медицинада олардың барлығы қолданыла бермейді. Микробиологиялық зерттеулердің қорытындылары едәуір тиімді таңдауға жағдай жасайды. Емдеуші дәрігердің микробиологпен етене жақын бірге жұмыс жасауы ауадай қажеттілікке айналды. Емдеуші дәрігер ауруларға дәл диагноз қою үшін, антиобактериялық сезімталдығын анықтауға зертханаға сынамаларды жібереді.

Антибиотиктер сезімталдық жағынан үш топқа бөлінеді:

1.Сезімтал-жалпы ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтиже алу үшін антибиотиктердің кәдімгі терапевтік дозалары жеткілікті болады.

2.Орташа-жалпы ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтиже алу үшін антибиотиктердің дозалары көбейтілген мөлшерде алынады.

3.Тұрақты-антибиотиктермен емдеу кезінде ешқандай нәтиже бермейді.

Өзімнің іс жүзінде көрген пенициллиннің және ампицилиннің тұрақты формаға айналғанын айтқым келеді. Микроорганизмдердің тұрақты формаларының дамуының ескерту шарттарының бірі болып, қолданылатын антибиотиктердің жаңадан шығарылатын немесе көп қолданылмайтын антибиотиктермен кезеңімен алмастырып тұру. Антибиотиктерге тұрақты формаларын штаммдары көбеюіне байланысты рационалдық емдеуді талап ету қажет болып тұр.

Дәріні орынсыз пайдалану келер ұрпақты дәрісіз қалдыру қауіпін тудырып отыр, біз медицина өркендеп дамыған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Өткен  ғасырдың ортасынан қоздырушысы микроағзалар болып табылатын жұқпалы дерттерге қарсы күшті  дәрі-дәрмектер қолданыла бастады. Осының нәтижесінде  адамзат бұрын қатерлі саналған көптеген дерттердіі «тізе бүктірді». Әйткенмен сол дәрілерді онды-солды, ретті-ретсіз пайдаланудың  ақырында бүгінгі күні олардың тиімділігін жоғалту қауіпі туындап отыр. Антибиотиктер және осы тәрізді дәрілер сырқаттан айығуға қалай жылдам әсер ететін болса, өлімге әкелетін кері ықпалы да соншалықты көп. Мұны ғалымдардың соңғы уақытта ұсынған деректері дәлелдейді. Ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, дәрігердің рұқсатынсыз дәрілерді пайдалана беру жылына кем дегенде 10 миллион адамның өмірін жалмайды.Ал ақ халаттылар дәрігердің тағайындауынсыз дәрі қабылдайтын адамдардың саны жыл санап артып келе жатқанына алаңдап отыр. Бұл адам өміріне аса қауіпті. Сондықтан, медицина мамандары дәріні тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдауды ұсынады. Осы сөзді түйіндей келе, тек қана дәрігердің тұрақты бақылауының толық үзбей курсының қабылдауының арқасында антибиотиктермен емдеу жақсы нәтиже береді. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау қажет.

ОПД-ті емхана  бактериологиялық зертхана

 дәрігер-бактериологы                                                                     Г.Т.Ахметова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *