Антибиотиктер

 

Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір)- әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.

Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп бөлінеді.

Негізгі антибиотиктер- тиімділігі жоғары, улылығы төмен.Емдеуді осылардан бастайды.

Қосымша(резервті) антибиотиктер – улылығы жоғары, тиімділігі жоғары, кері әсерлері көп немесе оларға микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.

Негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда  немесе оларға аллергия, тұрақтылық  болғанда қосымша антибиотиктерді тағайындайды.

Антибиотиктердіңң жанама әсері: Барлық химиотерапиялық дәрілерден жылдам және баяу аллергиялар, бұлшық етке салған жерде ауырсынулар,тамырға салғанда флебит, тромбофлебиттер, суперинфекция  байқалуы мүмкін. Бауырға,бүйрекке,қан жүйесіне, есту мүшесіне, бас жүйке қызметіне кері әсерлер беруі мүмкін.

Суперинфекция — химиотерапевтикалық дәрілерді қолданғанда пайда болатын кері әсерлер (кандидоз, микробтардың тұрақтылығы, қалыпты микрофлораның жойылуы, т.б.).

Антибиотиктердің көбі әсер бірлікпен мөлшерленеді.

Әсер бірлік (ӘБ) — биологиялық белсенді заттың емдік әсер көрсететін мөлшері. Әсер бірлік жануарларда тексеріліп анықталады (мысалы: 0,6мкг пенициллин = 1ӘБ, немесе 50мл сорпадағы микробты өлтіруге қабелетті антибиотик мөлшері).

Антибиотиктердің химиялық құрылысына қарай топтастырылуы:

  1. β -лактамды антибиотиктер(антибиотиктердің 50%-н құрайды,β–лактамаза ферментінің әсерінен бұзылады, тәуелділік пайда болады). Олар:

1.Пенициллиндер:Бензилпенициллин натрий тұзы(калий және новокаинтұзы), феноксиметилпенициллин, бициллин-1(5),Ампициллин тригидрат,ампиокс, амоксициллин, аугментин.

Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді. Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне әсер етіп, ұрықтарына әсер етпейді.

Пенициллиндер қолданылады: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, менингит, гонорея, бленорея, мерез, сібір жарасы ауруларында, көз, құлақ, несеп жолдары, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларында және гиникологиялық инфекцияларда қолданады.

2.Цефалоспориндер:

I-буыны:Цефазолин (кефзол), цефалексин.

II-буыны:Цефуроксим(зинацеф).

III-буыны:Цефотоксим(клафоран), цефтазидим (фортум), цефтриаксон(роцефин).

IV-буыны:Цефепим(Максипим)

3.Басқа β-лактамды антибиотиктер:а.Карбопенемдер: Имипенем, Тиенам, Меропенем.   б.Монобактамдар: Азтреонам

  1. II. Макролидтер: Эритромицин, Олеандамицин, Спирамицин(Ровамицин), Кларитрамицин(клацид), Азитромицин (Сумамед), Линкомицин.

III.Тетрациклиндер: Тетрациклин,  Метациклин, Доксициклин.

Жанама әсері: кальций алмасуын бұзады. Балаларда сүйек дамуы нашарлап, тіс өсу баяулайды.

  1. Левомицетиндер: Левомицетин, Синтомицин линименті, Левомеколь жағылмасы, Олазоль аэрозоль.

Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары (экзема, псориаз, саңырауқұлақтармен зақымданулар)

  1. Аминогликозидтер: Стрептомицин, Канамицин, Мономицин, Гентамицин.

Қарсы көрсеткіштері: бүйрек аурулары, есту мүшесінің бұзылулары, миастения, жүктілік

  1. Полимиксиндер: Полимиксин М ,В,Е.
  • Әр түрлі антибиотиктер:

1.Гликопептидтер:Ванкомицин(Эдицин)

2.Ристомицин

3.Анзамициндер:Рифампицин(бенемицин)4.Фузидин-натрий5.Фузафунжин(Биопарокс)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *