АЛЛЕРГИЯ

 

 

Мақсаты: аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммунды-кешендік және жасуша қатысуымен өтетін түрлерінің этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру

Дәрістің жоспары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Оның этиологиясы (себептері және жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.
  2. Кук, Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі.
  3. Аллергиялық әсерленістердің сатылары ( иммундық әсерленістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.
  4. Сенсибилизация, түрлері, патогенезі.
  5. Аллергиялық әсерленістердің І, ІІ, ІІІ, ІҮ – түрлері патогенезінің ерекшеліктері:

а) аллергендердің табиғаты, сенсибилизация тетіктері;

б) негізгі дәнекерлері, олардың шығу тегі және биологиялық маңызы.

  1. Гипосенсибидизация, түрлері, патогенезі.
  2. жалған аллергиялық серпілістер туралы түсінік, патогенезі.

 

Дәрістің тезистері

АЛЛЕРГИЯ – рганизмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий)

Аллергияның себептері – аллергендер.

Аллергендердің жіктелуі (по А.Д. Адо):                    

Экзоаллергендер: тұрмыстық, тағамдық, дәрі-дәрмектік, жануар тектес, өсімдік тектес, өндірістік, микробтар, саңырауқұлақтар

Эндоаллергендер: біріншілік (табиғи), екіншілік (жүре пайда болған)

Аллергияның туындауына септесетін жағдайлар: әлеуметтік жайттар, организмнің ерекшелігі

Аллергиялық  әсерленістердің жіктелуі:

Аллерген қайталап түскеннен соң серпілістердің пайда болу уақытына қарай (Р.Кук).

I.Аллергиялық әсерленістердің дереу түрі  (дереу дамитын жоғары сезімталдық, ДДЖС)

Аллерген қайталап түскен соң 15-20 минөттен соң дамиды.

II. Аллергиялық әсерленістердің баяу түрі  (баяу дамитын жоғары сезімталдық, БДЖС)

Аллерген қайталап түскен соң 24-48 сағаттан соң дамиды.

 

Патогенезіне қарай (П. Джелл және Р. Кумбс).

I. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік (анафилаксиялық) түрі

Есекжем, поллиноз, Квинке ісінуі, атопиялық бронх демікпесі, анафилаксиялық сілейме.

 

II. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі.

аутоиммундық гемолитиздік анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, аутоиммундық гепатиттер, миокардиттер ж.б.

III. Аллергиялық әсерленістердің иммундық -кешендік түрі

Артюс феномені, гломерулонефрит, васкулиттер, альвеолиттер, жүйелі қызыл жегі ж.б.

IV.  Жасушалар қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістер

Түйіспелі дерматит, жұқпалы-аллергиялық аурулар    ( туберкулез, бруцеллез, сифилис, саңырауқұлақ аурулары)

Аллергиялық әсерленістердің патогенезі

Иммундық сатысы

Аллергенмен алғашқы кездескенде антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі  (сенсибилизация)

Аллергенмен қайтадан кездескенде аллерген+антидене немесе аллерген+с-Тл кешендерінің түзілуі

  1. II. Патохимиялық сатысы
    Биологиялық бесенді заттардың – аллергиялық дәнекерлердің босауы, белсенділенуі, түзілуі

III. Патофизиологиялық сатысы (клиникалық көріністер сатысы)

 Сенсибилизация – осы аллергенге организмнің жоғары сезімталдығының  қалыптасуы, ол белгілі бір аллергенге арнайы антиденелердің немесе сезімталдығы жоғарылаған  Т-лимфоциттердің түзілуімен сипатталады.  Сенсибилизацияның клиникалық көрінісі болмайды. Сенсибилизация жағдайын аллергиялық сынамалар арқылы анықтауға болады. Белсенді және енжар  сенсибилизацияны ажыратады.

Аллергиялық әсерленістердің I- түрі (реагиндік немесе анафилаксиялық түрі)

 Аллергені өсімдіктер тозаңы, жануарлар және өсімдіктер нәруызы, дәрі дәрмектер.

 Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде E және G4  иммуноглобулиндері түзілуі, мес жасушалары немесе базофилдердің бетіне бекуі. Аллергенмен қайталап кездескенде  мес жасушалары немесе базофилдердің бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.

Патохимиялық сатысы: мес жасушалары немесе базофилдердің түйіршіксізденуі және түйіршіктерден: гистамин,  гепарин, эозинофилдердің және нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары  босап шығуы.

Мембрана  фосфолипидтерінен лейкотриендер мен простагландиндердің түзілуі.

Патофизиологиялық сатысы: қан тамырларының кеңеюі және олардың өткізгіштігінің жоғарылауы,  ісінудің дамуы, тегісеттердің жиырылуы,  бронхоспазм,  шырыштың артық түзілуі, жасушалардың зақымдануы, ринит, конъюнктивит, есекжем.

 Аллергиялық  әсерленістердің II түр (цитотоксиндік).

 Аллерген: химиялық заттар, соның ішінде, жасуша мембранасында бекітілген дәрі-дәрмектер, (Au, Ni, Zn, Cu, сульфаниламидтер, антибиотиктер); жасушалар және жасушалық емес құрылымдар мембраналарының өзгерген бөліктері (бүйрек шумақтарының негізгі мембранасының, коллагеннің).

Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде IgG1-3, IgM  иммуноглобулиндері түзілуі. Аллергенмен қайталап кездескенде  нысана жасушалардың  бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.

Патохимиялық сатысы: комплемент бөлшектерінің әсерленуі, лизосомалық ферменттердің бөлінуі (катепсиндер, ДНКаза, РНКаза, эластаза) және фагоцитозда супероксидті радикалдар  (О, ОН., Н2О2).

Патофизиологиялық сатысы: нысана жасушалардың еруі, тіректі мембрананың құрылымы бұзылуы (комплемент тәуелді цитолиз, комплемент тәуелсіз цитолиз).

Зақымданудың цитотоксиндік түрі аутоиммундық гемолитиздік анемиялар, лейкопениялар, тромбоцитопениялар, тиреоидиттің, миокардиттің, нефриттің, гепатиттің ж.б. аурулардың даму  негізінде жатыр.

 

Аллергиялық әсерленістердің ІІІ түрі (иммундық-кешендік түрі).

Аллергендер көп мөлшердегі еритін нәруыздар, дәрі – дәрмектер , емдік сарысулар

Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде IgG1,, IgG3 IgM  иммуноглобулиндері түзілуі. Аллергенмен қайталап кездескенде  ерігіш аллерген+ антидене кешені түзілуі, кешендердің айналып жүруі және ұсақ тамырлардың қабырғасына бекуі.

Патохимиялық сатысы: комплемент бөлшектерінің әсерленуі, фагоцитоздың әсерленуі және фагоциттерден лизосомалық ферменттердің және супероксид радикалдардың бөлінуі, лаброциттердің әсерленуі, олардың түйіршіксізденуі және гистамин, гепарин, серотонин, хемотаксистік факторлардың бөлінуі; простагландиндер, лейкотриендер, тромбоциттерді агрегациялайтын факторлапрдың түзілуі, калликреин-кинин жүйесінің, ұйытатын, ұюға қарсы және фибринолитиздік жүйенің әсерленуі.

Патофизиологиялық сатысы: тамырлар қабырғасының зақымдануы, тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, қабыну дамуы.

Иммундық – кешендік түрі сарысулық ауру, аллергиялық васкулит,  ревматизм, диффузды гломерулонефрит, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты полиартрит, Артюс феномені ауруларының даму негізінде жатады.

 

Аллергиялық   әсерленістердің   IV түрі  (жасушаның қатысуымен жүретін).

Аллерген: микробтар (туберкулез, бруцеллез, лепра қоздырғыштары, пневмококтар, стрептококтар), вирустар, паразиттер, саңырауқұлақтар, құрттар, әлсіз иммундық қасиеті бар, молекулалық  массасы төмен тіндік нәруыздар, вирусы бар жасушалар.

 Иммундық сатысы: Аллергенмен қайтадан түйіскенде сезімталдығы жоғарылаған    Т-лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі, с-Тл нысана жасушалармен өзара әрекеттесуі.

 Патохимиялық сатысы: с-Т- лимфоциттердің лимфокиндерді түзуі және босатып шығаруы

Патофизиологиялық сатысы  лимфокиндермен, Т-жендеттермен, макрофагтардың  лизосомалық ферменттерімен тін жасушаларының зақымдануы аллергиялық қабынудың (гранулематозды) дамуы.

Гипосенсибилизация   организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі. Оның арнайыланған (аллергияны туындатқан аллергенді енгізу арқылы қол жеткізіледі: А.М.Безредка әдісі бойынша сарысу енгізу, атопиялар кезінде аллергеннің аз мөлшерін енгізу) және арнайыланбаған (организмнің реактивтілігін өзгерту арқылы) түрлерін ажыратады.

Жалған аллергиялық әсерленістер —  көріністері бойынша аллергияға ұқсас, бірақ иммундық әсерленістер сатысының болмауымен ерекшеленетін әсерленістер тобы. Мес жасушаларының түйіршіксізденуін туындататын және биологиялық белсенді заттарды босататын жайттардың әсері кезінде дамыйды.

 Көрнекті материал

  1. 1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
  2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

 

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 321-342.
  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 210-221.
  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, – С. 92-101.
  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135.
  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 164-181.
  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577
  3. Насыбуллина Х.С., Назаренко Н.М. Патологическая физиология (типовые патологические процессы). – Алматы, 1995.
  4. В.И.Пыцкий, И.Н.Андрианова, А.В.Артамосова. Аллергические заболевания. – М.: Медицина, 1991. – 336 с.
  5. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2007, P. 193-223.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі
  2. иммундық әсерленістер сатысының негізі.
  3. патохимиялық өзгерістер сатысының негізі.
  4. патофизиологиялық бұзылыстар сатысының негізі.
  5. аллергиялық әсерленістердің реагиндік түрінің дәнекерлері.
  6. аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түріне мысалдар келтіру
  7. жасуша қатысуымен жүретін аллергиялық әсерленістердің дәнекерлері.
  8. аллергиялық әсерленістердің жалған аллергиялық әсерленістерден айырмашылығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *