Адренергиялық дәрілер

Адренергиялық дәрілер.

Адренорецепторлар— Норадреналинге сезімтал рецепторлар.

Кей адренорецепторлардың медиаторы Дофамин.

Адренорецепторлар α және β (β1 және β2 ) болып бөлінеді.

α- адренорецепторлар теріде, терінің қан тамырларында, асқазан ішек  қан тамырларында, шырышты қабықшаларда орналасқан.

β1— адренорецепторлар жүректе, асқазан ішек  бұлшық еттерінде орналасқан.

β2 адренорецепторлар қаңқа бұлшық еттерінің тамырларында, жатырда, бронхта орналасқан.

α- адреномиметиктер: Мезатон, Нафтизин, Галазолин.

Әсері: артериялық қысымды жоғарылатады, сілемей қабықшаларды тарылтады (насморкта қолданылады).

Мезатон тамырларды тарылтатын препарат. Гипотонияда, ринитте, коньюктивитте қолданылады. Кейде жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданар алдында 1-2 тамшы қосылады.

Нафтизин мен Галазолиннің тамыр тарылтқыш әсері күштірек және ұзақтау. Мұрыннан сұйықтық бөлініп ісінуде, мұрын қабынуында мұрынмен демалуды жақсартуға қолданылады.

Клофелин жүрек жиырылуын азайтып, бүйректен рениннің бөлінуін төмендетіп, диурезді жоғарлатады. Осы әсерден артериялық қысым төмендейді. Артериальды гипертензияда қолданылады.

β1— адреномиметиктер: Добутамин. Миокардтың жиырылуын күшейтіп, гемодинамикалық әсер береді. Қан қысымы жоғары болып, тахикардиямен болған жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.

β 1 және β2  — адреномиметиктер: Изадрин, Орципреналин. Жүрек жұмысын күшейтеді, бронхтарды, шеткері тамырларды кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді. Бірақ тахикардия (минутына 120-130рет соғу), аритмия дамиды. Бронх демікпесінде қолданылады.

β2— адреномиметиктер: Сальбутамол, Беротек, Астмопент. Бронх демікпесінде аэрозоль түрінде қолданылатын тиімді препарат. Жатыр тонусын төмендететін әсері түсік тастау қаупінде, кезексіз болған толғақты басуға қолданылады..

α және β- адреномиметиктер: Адреналин, Норадреналин, Дофамин.

Адреналин жүрек тоқтағанда, артериялық қысым төмендегенде, инсулиннің мөлшерін асырғанда, бронх демікпесінде және жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданылады.

Қант диабетінде, артериальды гипертонияда қолдануға болмайды. Арденалин ішуге қолданғанда ыдырап кетеді, сондықтан оны парентеральды немесе жергілікті қолданады.

Норадреналин қан қысымын жоғарылатуға гипотонияда қолданылатын тиімді препарат.

Дофамин шок жағдайларында қолданылатын тиімді препарат. Дофамин тамырларды тарылтады, қан қысымын жоғарлатады, бүйрек тамырларын спазмаға әкеледі. Көп қан кетулерде қан көлемін толтырып барып қолдану ұсынылады. Қан көлемі жеткіліксіз уақытта қолданса шоктан өлімге әкеледі.

Жанама әсерлері: α- адреномиметиктердің әсеріненатеросклероз, жергілікті ұзақ уақыт қолданғанда сілемей қабаттардың атрофиясы, қоректенуінің төмендеуі байқалады.

β  — адреномиметиктердің әсерінен аритмия, стенокардия, бұлшық еттерде тремор болуы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштері: ми және коронар тамырларының склерозы, артериальды гипертензия, гипертериоз, диабет.

α — адреноблокаторлар: Фентоламин, Тропафен, Празозин. Шеткері тамырлардағы қан айналымын жақсартады. Эндоартеритте, аяқтың ойық жараларында қолданылады.

β — адреноблокаторлар: Анаприлин, Метопролол, Бисопролол (Конкор), Тимолол, Атенолол.

Жүрек аритмиясында, артериалды гипертензияда, жүректің ишемиялық ауруларында қолданылатын негізгі препараттар.

Симпатомиметик: Эфедрин. α және β адренорецепторларға тікелей емес әсер етеді. Артериялық қысымды жоғарлатады, жүрек жұмысын қуаттандырады, ішектердің толқи жиырылуын төмендететеді. 

Бронх демікпесінде, ринитте, гипотонияда қолданылады. Эфедриннің Адреналиннен айырмашылығы әсері баяу дамып, ұзаққа созылады және ішуге қолданылады, белсенділігі Адреналинге қарағанда төмен. Эфедринді жиі аралықта (10-30минут) енгізгенде симпатикалық талшықтарда норадреналин медиаторының қоры азаюынан тахифилаксия дамиды.

Эфедринге қарсы көрсеткіш: атеросклероз, ұйқысыздық, артериалды гипертензия.

Симпатолитиктер: Резерпин, Допегит, Раунатин, Октадин.

Норадреналиннің  шығуын тежейді.

Артериалды гипертензияда қолданылады.

Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің жанама әсері: ортостатикалық гипотензия, коллапс, тахикардия, аритмия, бронхоспазм, шеткері тамырлардағы қан жүрісінің төмендуі.

 

Адреномиметиктердің сипаттамасы

Көрсеткіштер

Адреналин

Норадреналин

Дофамин

Эфедрин

Мезатон

Добутамин

Сальбутамол

Изадрин

Жүрек жиырылу жылдамдығы

Тахикардия

Брадикардия

Аздап тахикардия

Тахикардия

Брадикардия

Аздап тахикардия

Аздап тахикардия

Тахикардия

Артериалық қысым

Өзгеріссіз

Бронхтарды кеңейтуі

+++

+

+

++

+++

++++

Көмір-су алмасуына әсері

++++

+

+

++

++

+++

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *