Мектеп басшыларының жалақысы артады

 

Білім және Ғылым министрінің айтуынша, педагогтардың сапалық құрамын арттыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 150 мыңнан астам педагог біліктілік санатын растап, лауазымдық еңбекақысының 30-50 пайызы көлемінде үстемеақы алып жатыр. Мектеп басшыларының да жалақысын арттыру көзделуде.

«Директорлардың жалақысы өте аз, жеткіліксіз. Мәселені шешу үшін бірнеше шара қабылдадық. Біріншіден, биыл және келесі төрт жыл ішінде жалақының екі есе өсуі директорларға да қатысты болмақ. Екіншіден, директорлар мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізу институты енгізілді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Енді директорлар мен олардың орынбасарлары өз жұмысының тиімділігін көрсеткен жағдайда ай сайынғы жалақысына 30-дан 100 пайызға дейін қосымша үстемеақы алады. Жүйе мен тиісті нормативтік-құқықтық актілер дайын. Маусым айынан мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары осы жүйемен тест тапсыра бастайды. Төмен нәтиже көрсеткен басшылар орнынан алынып не басқа мектепке жіберіледі. Ал жақсы жұмыс істеп жатқан басшылар үстемеақы алып, әрі қарай өз жұмысын жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *