Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздіктер қатарында

Жоғары білім саласындағы QS Quacquarelli Symonds сараптама агенттігі бүгін QS World University Rankings әлемнің үздік университеттерінің жыл сайынғы тізімін жариялады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазақстандық ЖОО-лар аталған рейтингке 2014 жылдан бері қатысып келеді. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық рейтингте 165-орынға көтерілді. ҚазҰУ – әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны. 10 қазақстандық университет 1000 жоғары оқу орнынан тұратын әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді.

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау — көзі болды..

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физикхимикматематикбиологжурналистфилолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

 
КСРО халықтық кеңесінің №2293 қаулысы

1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцентғылым кандидаттары қызмет атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: МәскеуЛенинградКиевМинск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.

КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш СәтбаевМұхтар ӘуезовЕрмұхан БекмаханұлыӘлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.

Дереккөздер:

https://kk.wikipedia.org/

inform.kz/kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *