Әлемге танымал университеттерге түсуге талпынған дұрыс па?

 

Әлемге аты машһүр Кембридж, Оксфорд университеттеріне жыл сайын мыңдаған түлек құжат тапсырады. Ол университеттердің оқу ақысы 30-40 мың долллардан асса да түскісі келетін студент саны жыл сайын артып келеді. Әрине, өте жақсы университеттер мен кампустардың да өздеріне тән күшті және әлсіз жақтары бар. Беделді университеттерге түсу оңай емес екенін ескере отырып, оларда білім алу керек пе, жоқпа деген сұраққа жауап берейік. Әзірге тек бір университетті назарға ұсынамыз.

 

 

Кембридж университеті, ҰлыбританияБолжамды оқу құны: жылына 37000 доллар Кембридж университеті QS World University Rankings рейтінгі бойынша 2020 әлемдегі ең жақсы университеттер ішінде 7-ші орында және Оксфордпен қатар Ұлыбританиядағы ең әйгілі және беделді оқу орындарының бірі болып қала береді.Кембридж бұрыннан ғылым, машина жасау, медицина және технология салаларында танымал болған. Сонымен қатар, университет антропология, археология, ағылшын, тарих және шет тілдері пәндері бойынша жоғары халықаралық ұстанымдарға ие. Кембридж университеті Лондоннан пойызбен шамамен бір сағатта жетуге болатын Кембридж шағын кампусында орналасқан. Кембриджде ғасырлар бойы ең жақсы студенттердің басын қосқан ерекше тарихи білім беру ортасы бар. Университет түлектерінің қатарында Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин, Оливер Кромвелл, Стивен Хокинг, Уэльс ханзадасы Чарльз, Стивен Фрай, Джордж VI, Хью Лори және басқалар бар. Көріп отырғаныңыздай, Кембридждегі ғалымдардың арасында  шығармашылық адамдар, король отбасының мүшелері тағы басқа түрлі ортадан шыққан адамдар болған. Кембридж университеті әр қайсысының өзіндік негіздері мен дәстүрлері бар 31 колледжден тұрады. Нақты бір колледжде студенттің академиялық бағыты ғана емес, сонымен бірге оның қайда тұратындығы, студенттік өмірі және тағы басқа да жағдайы ерекше қарастырылған. 
Кембридж университетінің артықшылықтары: ·        Тамаша оқытушылар құрамы;·        Ұлыбританиядағы ең жақсы кітапханалардың бірі бар;·        Студенттер Кембриджді ең көркем университеттердің бірі деп санайды; ·        Интеллектуалды атмосфераны ынталандыруға барлық жағдай жасалған;·        Тамаша  кафелер, мейрамханалар мен дүкендерге жақын орналасқан; (әсіресе кітап дүкендері)   Кембридж университетінің кемшіліктері:·        Оқудың өте қарқынды басталуы 1-ші курс студенттеріне оңай емес;·        Жоғарғы университеттік талаптардан студенттің мотивациясы азаяды;·        Кембридж студенттерінің 21% -ында депрессия диагнозы қойылған, оның негізгі себебі — оқу үрдісіндегі стресс;·        Студенттердің профессорлар мен академиялық жетекшілерге тәуелділігі;·        Окфорд түлектеріне және басқа да ЖОО түлектеріне дәстүрлі түрде сақтықпен және дұшпандықпен қарау;·        Колледждер таңқаларлық көрінеді, бірақ олардың көбі ескі һәм салқын·        Жаз кезінде колледж жанынан пәтер жалдау өте қымбат.

 

Р.S. Келесі мақала Оксфорд университетін талдайтын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *