Қарапайым мұғалім атақты журналистің қателерін түзеді

Нижний Новгородтық орыс тілі мұғалімі Татьяна Гартман журналист әрі блогер Юрий Дудтің эфир барысындағы қателерін түзеді. Өз бейне ролигінде тек ғана Юрийге емес, жалпы орыс тілді журналистерге ортақ қателіктер деп те атады. 


Мәселен, бағдарламалардың бірінде журналист сұхбаттасушыдан жоғары оқу орнын «бітіргенін» сұрады. Татьяна Хартман бұл жағдайда «аяқтау» етістігін қолданыңыз деп түсіндірді. 

Өз кезегінде Юрий Дуд өзінің Инстаграмдағы парақшасында Татьяна Хартманға жаңа білім үшін алғысын білдірді. «Мен көптеген қателіктерім үшін өкінемін. Өзіммен

жұмыс істеуге уәде беремін, — деп жазды ол. 

Р.S. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында да көптеген тілші қауым қазақ тілінің сапасын түсіріп жүргенін естен шығармаған абзал. Журналистік қызметті қолжаулық қылып жүрген көптеген әнші, актерлердің һәм журналистердің қателерін танымал журналист Қайнар Олжай өзінің фейсбуктегі тобында талдап, түзеп, күзеп жүргенін естеріңізге саламыз. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *