Қазақ қыздары орыс қызынан үлгі алсын

 

Құрметті оқырман, почтамызға «Қазақ қыздары орыс қызынан үлгі алсын» деген хат келіп түсті. Біз көптеген ата-аналардың, авторлардың хаттарын жариялаймыз.  Солардың бірін назарларыңызға ұсынуды жөн санадық:

 

Мен үш қыздың анасымын. Қыздарым соңғы жылдары инстаграм, ютуб желісіндегі көптеген видеоларға әуес. Бірақ кейбір көретін нәрселері біздің ұлттың болмысына жат екенін байқадым. Дегенмен, жастар көруді тоқтатар емес. Қыз бала еліктегіш келеді. Сол үшін де шығар ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыйым» деп өсиет қалдырғаны. Әрине, ХХІ ғасырда көп тіл біліп, білім алып, қазақ елінің мақтанышы болсын деп армандаймыз. Бұл хатты жазуыма қазіргі таңда хайп дегенге әуес болған жұрттың енді қалыптасып келе жатқан жастарды жат нәрселерге ынтықтырып, қызықтыруында болып отыр. Үлкені де, кішісі де хайп ұстағысы келеді. Ғылымы мен білімі дамыған Америка, Жапония, Корея елдері үшін хайп қорқынышты нәрсе емес. Ал аяққа енді тұрып келе жатқан Қазақстан үшін хайп, шоу деген тамырына балта шабумен бірдей. Қазір жастардың , әсіресе қыз балалардың көретін, үлгі тұтатын адамдар Айжан Байзақова, Шырын Нарчаева т.б. ерсі қылықтар көрсетуге қымсынбайтын қазақ қыздары. Қызды тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің. Қыздарымыз бұрын кімнен үлгі алды, ал қазір кімнен үлгі алып, нені қайталап жүр? Осы орайда жақында бір тілшіні байқап қалдым. Байқағанда жазбасын оқып отырдым. Тілі шұрайлы, сөзі түзу, қазақтың иісі аңқыған жазбаның иесі кім болды екен деп қарасам Анна деп тұр. Өз көзіме өзім сенбедім. Әрине, мыңдаған қолдаушысы бар, әдемі, сұлу Аннаны көбісі таниды екен. Мен өзім ғылым саласында жүргендіктен жұлдыздарды тани бермеймін. Қыздарыма Аннаның жазбаларын оқып бердім. Олар Аннаны біледі екен.  Сол Аннаның бір жазбасынан үзінді келтірейін «Расында біреуге керегі – ақша, біреуге – атақ. Ал маған керегі анамның денсаулығы. Үйге хабарласып, Анамның дауысын естіп жүрегім жылып кетті» дейді. Неткен керемет? Сонымен қатар, қадір түні, рамазан айы, жұма күндерімен құттықтап отырады. Бүгін «бестің шайын жақсы көремін» деп жазыпты. Қазақ ұлттық болмысындағы адам ғана түсінеді «бестің шайы» деген сөздің қаншалықты ішкі жан дүниемізге жақын екенін. Тірісінде «Сары қазақ» атанған жазушы Герольд Бельгер қазақ жұртына көп жақсылық жасап еді. Ақиқаттың ақ туын желбіреткен талай жазбасын оқып өстік. Қазақ жазушыларынан кем еңбек сіңірмеді қазаққа. Анна қыз да ұлты басқа болса да болмысы қазақ деп соққан жан секілді. Қыздарыма «Аннаға қарап бой түзеңдер» дедім.

Гүлден Айдосқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *