Электронды дипломдар туралы вице-министрдің мәлімдемесі

Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері дипломды электронды форматта алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды.  «Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *