Зорлық, зомбылық, қиянат, қысым, қияпат, озбырлық, өктемдік, көтензорлық

Зорлық, зомбылық, қиянат, қысым, қияпат, озбырлық, өктемдік, көтензорлық. Біреуге көрсетілген жөнсіз күштеу, қысаң, зәбір-жапа шек-тірушілік. Жүзіне қарап о кісінін зорлықпен емес, шын ықыласпен айтып отырғанын сезді (М. Дүйсенов). Жасында зорлық пензомбылықтың, жаман-шылық пен жақсылықтың зардабын көп тартты(Е. Асқаров). Қоқан, Хиуа хандықтары қазаққа қандай қиянат жасамады десеңізші (I. Есенберлин). Фашистер қысымында ол жырын ұшырып, әртүрлі жолмен еркіндікке, бос-тандыққа қол бұлғап жатты (С. Қирабаев). Қарабет басқарманың бұрынғы қияпатын білетін жүрг дүрлігіп, наразылық білдірді (С. Жүнісов). Осы жәбіршілік пен озбырлықСәкенге амалсыз арыз жазғызды (Т. Кәкішев). Үн-дістан ешбір көрші-қоңсы халыққа басқыншылық жасап, өктемдік етіп шауып-жаншып соқтықпапты (М. Әуезов). Көрпебайды күйт-күйттеп, байға істегенін бізге де істегісі келсе, ол көтензорлығына кім көнеді (А. Нұрманов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *