Зорлау, қыстау, өктемдеу, өктеу, күштеу, қыспақтау, қысталау, қыштау

Зорлау, қыстау, өктемдеу, өктеу, күштеу, қыспақтау, қысталау, қыштау.Еркіне қоймай күшке салу, жан алқымға алып мәжбүрету. Оның үстіне Зүлдәинаны оған зорлап берейік деп отырғанымызжоқ, өздері келі-сіпті (Ә. Сатыбалдиев). Ішімдікке салынып кетудің  өзі осындай біреулердің қыстап ішкізуінен болады (Ш. Әмірәлиев). Аздаған балық артық аулағаныңа өзіңді де, сөзіңді де өктемдете берме (Т. Қойшыманов). Алшынбай кірісіп, «аяқтап көрем» деген соң, Майбасардың да өктей қоятын жөні жоқ (М. Әуезов). Сардар қызының күштеуімен тағы да докторға қаралды (З. Қабдолов). Дәулет қашқалақтап мектепке барғысы келмеп еді, ерке баласын әкесі қыспақтамады (С. Мұқанов). Ол да мені көріп, әрі қарай бұрылыпотырғасын мен де оны қысталамадым, жақындамадым (Ғ. Мүсірепов). Бұл уақыттың ішінде Сәкен домбырашыны қыштамай, өзіне ерік беріп қойған (Т. Әлімқұлов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *