Нарықтық экономикада сипатталатын инвестициялық қызметтердің барлық нысандары тәуекелділікпен тығыз байланысты. Қазіргі жағдайларда тәуекелділік деңгейінің өсуі келесілерге байланысты:
- инвестициялық тауарлар нарығындағы экономикалық жағдайлардың өзгеріп отыруы;
- инвестициялық жекешелендірілген объектілерді кеңейту ұсынымын мүлік түріне ауыстыру;
- бағалы қағаздарға қаржылық құралдар мен жаңа эмитенттерді салық ретінде салу;
Инвестициялық тәуекел ретінде қаржылық шығындар түсіндіріледі. Инвестициялық тәуекел келесілер бойынша сыныпталады: шығу нысандары бойынша, инвестициялық нысандар бойынша, пайда болу көздері бойынша.
Шығу нысандары бойынша тәуекелділіктер экономикалық саяси, экологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді.
Инвестициялық нысандары бойынша тәуекелділіктер нақты инвестициялық жобаларды өткізу мен қор портфельдерін басқарумен байланысты.
Пайда болу көздері бойынша тәуекелділіктің екі түрі кездеседі:жүйелік (нарықтық), жүйелік емес (айрықшылықты).
Жүйенің тәуекелділігі инвестициялық үдерісіне қатысушылармен сипаталады. Олар келесі объективті факторлармен анықталады:
- ел ішіндегі экономикалық цикл кезеңінің ауысуы;
- инвестициялық тауар нарығындағы конъюктуралық циклдардың өзгеруі;
- инвестициялау саласындағы салық заңдарының жаңартпалары;
- ссудалық капитал нарығындағы мемлекеттік саясат;
Әр нақты инвестор үшін жүйелік тәуекел әртараптандырылмаған болып табылады.
Жүйелік емес тәуекел нақты жүйе немесе жеке үшін мінезделген. Жүйелік емес тәуекелдің жағымсыз зардаптарын аймақтық инвестициялық портфельді басқару арқылы азайтуға болады.
Жүйелік емес пайда болуының негізгі факторына мыналарды жатқызуға болады:
— кәсіпорын қызметінің принциптері;
— ресурстар және оларды қолдану;
— маркетингтің сапасы және сатысы;
Инвестициялық қызметтің қаржылық шығындар көлемін бағалау кезінде абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады. Қаржылық шығындардың абсолюттік көлемі, нақты инвестицияланумен байланысты, инвесторға келтірілген жағымсыз жағдайлардың пайда болуы шығын сомасын көрсетеді.
Инвестициялық тәуекелмен байланысты қаржылық шығындар көлемі, алынған базалық көрсеткішке болар шығын соммасы қатынасымен байланысты.
Мұндағы,
— инвестициялық тәуекел коэффиценті, %;
И — нақты жобаға жөнелтілген инвестиция көлемі.
Мұндай қаржылық шығындарды:
- төмен деп, егер инвестиция көлемі, жоба бойынша 5% жоғары емес;
- орташа, егер алынған көрсеткіш 5%-тен 10% аралығында өзгермелі болса;
- жоғары, 10%-тен 20% дейін;
- өте жоғары деп, егер 20% жоғары болса қарастыру қажет.
Инвестициялық тәуекел талдауының көп тараған тәсілдері болып:
- статистикалық;
- мақсатына сай шығындардың талдау тәсілі;
- сарапталған бағалар тәсілі;
- бірдей қолдану тәсілі.
Статистикалық тәсіл мазмұны айналысынан тыс активтерге салынған капиталдың шығындар мен пайдасын меңгеру. Алынған мәліметтер негізінде болашаққа болжам жасалынады. Осы тәсілді қолдану процесінде вариация есебі жүргізіледі және де дисперсия, стандарттық ауытқулар ескеріледі.