Лекция мақсаты: Макроэкономикалық теорияның негізгі принциптермен модельдеу жағдайларың қарастыру
Негізгі терминдер: экономикалық модель, модельдеу, экономикалық белсенділік, шығындар, кірістер, ұлттық шоттар, макроэкономикалық теңдістік.
Лекция негіздері:
- Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары
- Экономикалық теориялар мен модельдер
- Экономикалық белсеңділіктің нәтижелерін өлшеу
- Ұлттық шоттар жүйесінің басқа көрсеткіштері
- Шығындар және кірістердің ауыспалы айналымы
- Негізгі шығындар компонентері, негізгі макроэкономикалық теңдестік
Лекциянын конспекті
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.
Макроэкономика Ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ол ағылшын экономисі Джон М.Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабымен байланысты. Сондай-ақ, Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.
Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмлар, мемлекет және сыртқы сектор.
Макроэкономикада экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.
Макроэкономикалық моделдер мен айнымалылар
Көбінесе экономикалық теориялар моделдер түрінде түсіндіріледі. Макроэкономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен процесстердің жеңілдетілген абстрактылы көрінісі, ол экономикалық айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрде құрылуы мүмкін. Макроэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар ажыратылады.
Ұлттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері
Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.
Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.
Ұлттық шоттар жүйесі беретін ақпарат экономикалық қызмет етуді жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып жалпы ұлттық өнім табылады. Яғни ел ішіндегі барлық субьекттердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерінін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны.
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді.
Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді.
ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар
Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әрі қарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.
Жалпы ішкі өнімді өлшеудің үш тәсілі белгілі:
1) Шығыстар бойынша;
2) Кірістер бойынша;
3) Қосылған құн тәсілі.
Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ — базалық жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар. Ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу формуласы:
,
мұндағы, — фғымдағы жылдың өндіріс көлемі,
— базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді. ТБИ (CPI) – экономикадағы жалпы бағалар деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
ТБИ = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны /
базалық жылдағы тұтынушылық қоржынының құны.
Тұтыну қоржыны деп белгілі бір тұтыну тауарлары мен қызметтердің жинағын айтады. Ласпейрес индексін есептеу формуласы:
,
мұндағы, және — і игілігінің бағалары (0 – базистік, ал t- ағымдағы), — базистік жылдағы і игілігінің көлемі.
Сонымен қатар Фишер индексі бар. Ол жоғарыдағы индекстердің кемшілігін жою үшін қолданылады:
.
Бұл индекстер тұрмыс құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір тұрмыс деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар болып табылады. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі тұрмыс құнының өсуін, Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Ал, Пааше индексі керісінше. Бірақ Пааше индексінде әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді.
Экономикалық өсу ЖІӨ бір жыл аралығындағы салыстырмалы өзгеруі түрінде өлшенеді.
ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ — ЖІӨ-1) / ЖІӨ-1,
мұндағы ЖІӨ – ағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты.
ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді. Қазақстанда 90-шы жылдары өндірістің құлдырауы болған, ал 2000 жылдан бастап ЖІӨ елеулі өсуі байқалады, жылына орташа есеппен алғанда 10 пайызға жуық.
Жұмыссыздық кезіндегі негізгі өндіріс фактор – жұмыс күшінің толық қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді. Халықты үш топқа бөлуге болады:
- жұмыспен қамылғандар;
- жұмыссыздар;
- жұмыс күшіне енбегендер.
Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Адам жұмыспен қамтылған деп есептеледі, егер оның үй шаруашылығында жұмыс істегенін ескермегенде, ол өткен аптаның басым бөлігінде жұмыс істесе. Үй шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді. Жұмыс күшін жұмыс істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші саны
Қазақстанда 2006 жылы ресми жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайызды құрады, ол экономикалық белсеңді халық санынан 653,8 мың адам.
Тақырып бойынша сұрақтар:
- Макроэкономика пәні экономикалық саланың қандай заңдылықтар мен бөлшектерің зерттейді?
- Ұлттық шоттарға не жатады?
- Макроэкономикадағы негізгі шығындар мен кірістер түрлерін атап шығыныздар.
Негізгі әдебиет: (13-66 б. /1/)