Өнімді, жұмысты, қызметті және тауарды өткізу уақыты болып бір иемденушіден басқа иемденушіге мүлік болып құқытарын табыстау уақыты табылады. Заңдылыққа сай мүлік құқықтарын табыстаудың бірнеше нұсқалары бар, яғни олар тауарды жөнелту, айырбастау және төлеу бойынша. Осыған сай, кәсіпорынның (корпорацияның) түсімі болып капиталдың өсуіне әкелетін, активтердің түсуі және міндеттемелердің өтелу нәтижесіндегі экономикалық пайданың өсуі табылады. Экономикалық пайданы түсім деп есептесу үшін келесі шарттарды сақтау қажет:
- Келісімшарт бойынша түсімді алуға құқығы бар.
- Түсімнің сомасы анықталған.
- Корпорацияның экономикалық пайдасы өскен жағдайда.
- Мүлік құқығы табысталған кезде.
- Операция бойынша шығындар анықталу мүмкін.
Өнімді өткізуден түскен түсімді 2 тәсілмен анықтауға болады:
- Есептесу тәсілі (жөнелту бойынша).
- Төлеу тәсілі (ақша қаражаттардың түсуі бойынша).
Өнімді өткізуден түскен түсімді анықтау тәсілін корпорация дербес түрде тандайды және есептік саясатқа сай жүргізеді.
Корпорация қаржыларын басқару жүйесіндегі жиынтық жылдық табыс пен салық салынатын табысты анықтау ғана емес, сонымен қатар шығындар мен табыстың өзара байланысы, оларды қалыптастыру және пайдалану да қарастырылады. Корпорацияның негізгі мәселесі болып өнімді өткізуден түскен түсім мен табыстың өзара байланысын анықтау болып табылады.
Өнімді өткізуден түскен түсім (ӨӨТ) қаржылық жоспарлық есепте келесі формуламен анықталады:
ӨӨТ= ӨӨТ ӨТТ ӨӨТ
мұнда:
ӨӨТ- нарықтық бағадағы жыл басындағы өнімнің қалдықтарынан түсекен түсім.
ӨӨТ- нарықтық бағадағы жоспарланған өнімнен түскен түсім.
ӨӨТ- нарықтық бағадағы жыл аяғындағы өнімнің қалдықтарынан түскен түсім.
Есептесу тәсілін қолданған кезде жоспарланған кезеңдегі жыл басы мен жыл аяғындағы қалдықтардың құрамына қоймадағы дайын өнімнен және төлеу мерзімі басталмаған тиелген тауарлардан түскен түсім кіреді. Төлем тәсілі бойынша түсімді анықтағанда, жыл басындағы қалдықтардың құрамына қосымша жауапкершілік сақтаудағы тауарлардан және төлеу мерзімі өтіп кеткен жыл басындағы қалдықтардан түсім міндетті түрде нарықтық бағаға және инфляцияның деңгейіне түзетіледі.
Өнімді өткізуден түскен түсімге келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- шығындардың мөлшері;
- өндірістің және өнімді өткізудің көлемі;
Осы екі фактор басқа қосымша факторлардың әсер етуін біріктіреді және бірінші деңгейдегі факторлар болып табылады. Қосымша факторлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға тәуелсіз болады және олардың әсері әлсіз деп саналады. Факторлардың әсер ету күші корпорацияның ұйымдық құрылымына тәуелді болады.
Өндіріс саласындағы әсер етуші факторларға жататындар — өндіріс көлемі, оның құрылымы, өндірілетін өнімнің ассортименті, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігі, өндірістің ырғақтылығы. Айналыс саласындағы әсер етуші факторларға бағалаудың деңгейі, жөнелтудің ырғақтылығы, төлем құжаттардың өз уақытымен рәсімделуі, қолданылатын есеп айырысудың нысандары жатады.
Салық заңдылығының талаптарына сай өнімді өткізуден түсімге салық салынады. Түсімнің мөлшері норма мен нормативтер арқылы түзетіледі. Өндіріс және өнімді өткізу шығындар сметасында барлық шығындар көрсетіледі және олардың негізінде қаржылық есеппен өнімді өткізуден түсімдегі шығындар анықталады.
Өнімді өткізуден түсімді басқарудың негізгі әдістерінің бірі болып баға саясаты табылады. Бұндай саясат кәсіпорынның (корпорацияның) өндірістік және ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттарын қамтамасыз етеді. Баға саясаты тікелей түрде пайдалану қызметінің көлеміне, маркетингтік стратегияны қалыптастыру мен қаржылық тұрақтылыққа әсер етеді.
Баға саясатын қалыптастырған кезде келесі қағидаларды сақтау керек:
- баға саясатының тауар-нарықтық коньюктурасына және таңдалған нарықтық стратегияның ерекешеліктеріне сәйкес келуі;
- баға саясатын табысты басқарудың жалпы саясаты мен ағымдағы қызметтің негізгі мақсаттарына түйіндес бөлу;
- белсенді баға саясаты. Бұл корпорацияның нарықтағы бөлек сегменттеріндегі мықты ұстанымын қамтамасыз етеді;
- тауарларға баға деңгейлерін бекітудің кешенді тәсілдемесі (сатып алушыларға жоғары сервистік қызмет көрсетумен сәйкес);
- баға саясатының жоғары серпінділігі, яғни сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгерісіне жылдам әсер етеді.
Сонымен, баға саясатын әзірлеу процесі келесі деңгейлерден тұрады:
- баға саясатын қалыптастырудың негізгі мақсаттарын таңдау;
- өнімге (қызметке) қалыптасқан деңгейді бағалау;
- тауар нарығының мүмкіндігі мен ерекшеліктерін бағалау;
- өнімнің түрлері мен өндірістің шығындары бойынша баға саясатын саралау;
- өнімнің кейбір түрлеріне бағаларды құру үлгісін таңдау;
- тауарларға (қызметтерге) бағалардың нақты деңгейін әзірлеу;
- бағаны өз уақытымен өзгерту әдістемесін қалыптастыру.